Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті болып сайланды
Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы, премьер-министр Шавкат Мирзиёев мемлекет басшысы сайлауында 88,61% дауыспен жеңіске жетіп, ел президенті болып сайланды.
Бұл туралы республиканың орталық сайлау комиссиясының басшысы Мирза-Ұлықбек Абдусаломов мәлімдеді.
«Мирзиеевке сайлауға қатысқандардың 15 млн 906 мың 724 адамы немесе 88,61%-ы дауыс берді», – деді ол дүйсенбідегі брифингте.
«Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау» заңына сәйкес, бұл көрсеткіш Мирзиеев мемлекет басшысы деп есептеуге құқық береді. Мирзиеев Кәсіпкерлер мен іскер азаматтар қозғалысы – президенттікке Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы атынан үміткер болды.
Президенттіке үміткер ретінде төрт кандидат қатысты. Олар: Либер-демократиялық партия атынан Шавкат Мирзиеев (қазіргі таңдағы уақытша ел басшысы), Халықтық-демократиялық партия атынан Хатамжон Кетмонов және Сарвар Отамұратов пен Наримон Омаров.
Жіберіп алмаңыз:
Теміртауда жалаңаш маньяк 8 жасар қызды қуып жетпек болды
Қаңтар айынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері көбейеді
Шымкентте ер адам сүйіктісіне ұнау үшін полицей формасын киіп алған

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
