Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаш үлгісін өзгертіп тастаған Мәдина Сәдуақасова желіде қызу талқыға түсті (фото)

Әнші Мәдина Сәдуақасова ұзақ жылдардан бері алғаш рет шаш үлгісін өзгертті. “Карэ” шаш үлгісін жасатқан әншіге тыңдармандары мақтау сөздерін жаудырып жатыр. Алайда ұзын шаш көбірек жарасады деп пікір білдіргендер де бар, деп жазады Stan.kz.

Мәдина Сәдуақасова

Мәдина Сәдуақасованы жұрт қазақ эстрадасындағы ең сұлу әншілердің қатарына жатқызады. “Табиғи сұлу” деген теңеу шоу-бизнес әртістері арасында, әсіресе Мәдианаға қаратылып көп айтылады. Сондықтан болар, әнші сыртқы келбетіне өзгеріс енгізсе болғаны, тыңдармандар қауымы оны қызу талқыға салуды әдетке айналдырған. Бұл жолы да солай болды.

Естеріңізде болса, былтырғы жылы Жанар Дұғаловамен бірлесіп шоколад жарнамасына түскен Мәдина шашының түсін өзгерткен болатын. Әнші шоколад түсін шығару үшін шашын күйдіргенін жасырмады. Ендігі тыңдармандар әншінің сыртқы келбетіндегі өзгерісті осымен байланыстыруда.

“Шашыңызды күйдіремін деп құртып алғансыз-ау, мен де сіз сияқты қара жылтыр шашымды құртып, ақыры қиған едім”, – деп пікір білдірді желі қолданушыларының бірі.

Өзгелері: “Бұл шаш үлгіңіз де жарасып тұр”, – десе, тағы бір топ қазақ қыздарына қашан да ұзын шаш жарасатынын айтқан.

Айта кетейік, фильмдегі образы үшін шашын “күйдіріп” алған Баян Мақсатқызы да таяуда дәл Мәдина сияқты образына өзгерту енгізді.


Талқылау