Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаш неден майланады: Шашты кір көрсететін 8 қателік

Қазіргі таңда екінің бірі күн сайын шаш жууыға мәжбүр. Себебі, таңертең үйден таза баспен кетсең, кешке ұстаудың өзі жиіркенішті шашпен ораласың. Бұл мәселе қазір көптеген адамдарды алаңдатады. Соған орай Stan.kz білікті шаштараз-стилисттердің шаш неге кір көрінеді және ондай кезде не істеуге болатыны жайлы кеңестерін ұсынады.

Шаш неден майланады: Шашты кір көрсететін 8 қателік

1-себебі: Пайдалану нұсқауларын ескермейсіз

Шашыңыздың кірлеу себебі көбіне сусабын, кондиционер, маска секілді тері күтіміне арналған өнімдерді дұрыс пайдаланбаудан болады. Сондықтан, нұсқауларды әрдайым мұқият орындаңыз, себебі оны тегіннен-тегін жазбайды.

Мысалы, көп жағдайда шашқа арналған масканы бас терісіне жағудың қажеті жоқ. Бірінші, шашты сүлгімен сүртіп, содан кейін масканы шаштың бар ұзындығына жағыңыз. Егер нұсқаулықта шаштың түбіріне ұқалап жағу туралы кеңес берілмесе, онда оны бас терісіне жағудың қажеті жоқ. Бірақ көптеген әйелдер бұны «пайдалы» деп, нұсқаулықты елемей, масканы бас терісіне жаға береді. Содан кейін өздері қалаған нәтиже шықпай қалса, ештеңе білмегендей таңданады. Ал мұндай әрекеттер май бездерін белсенді жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Нәтижесінде, шашыңыз жуылмағандай көрінеді.

2-себебі: Сусабынды жақсылап шаймайсыз

Шаш сусабынды дұрыс шаймағаннан тез кірленуі мүмкін. Әсіресе, шашы қалың қыздар мен жігіттерге сусабынды жақсылап кетіру керек. Қазіргі сусабындарда әр түрлі ингредиенттер бар. Ал сіз оларды сезбеуіңіз мүмкін, бірақ бұл олардың сусабында жоқтығын білдірмейді. Тері күтіміне арналған өнімдерді қолданарда қарапайым ережені сақтаған жөн. Яғни, сусабынды немесе басқа өнімді шашыңызда қанша уақыт ұстасаңыз, оны жууыға да сонша уақыт жұмсауыңыз керек. Бірақ, бұл ұсыныс сусабындар мен шашты шаюға арналған өнімдерге қатысты.



Ал, маскаларға келетін болсақ, мұнда ақылға қонымды әрекет ету керек. Егер, шашыңызға жағатын масканы 30 минут ұстау керек болса, міндетті түрде жарты сағат бойы душта тұрудың қажеті жоқ. Тек шашты шаятын кезде 1 минутта шая салмай, кем дегенде 5 минут жақсылап шайқаңыз.

3-себебі: Өзіңізге сәйкес келмейтін құралдарды пайдаланасыз

Егер шаш кір көрінсе, онда сіз шашқа шамадан тыс ауыр болатын өнімді немесе терінің дұрыс емес реакциясына әкелетін сусабындарды пайдаланған болуыңыз мүмкін. Мысалы, сіздің бас теріңіз майлы болса, мұндай жағдайда ылғалдандыратын, қалыпқа келтіретін сусабын жарамауы мүмкін. Тағы бір нұсқасы сіздің теріңіздің сезімталдығына байланысты. Мысалға, теріңіз сезімтал болса сізге қарқынды күтім өнімін қолдануға болмайды.

4-себебі: Шаш сәндеу өнімдерін дұрыс пайдаланбайсыз

Біз көбінесе шаш сәндеуде артық кетіп жатамыз. Сондықтан, бәрі орнымен болу үшін шаш көтеретін құралды жағарда бірден көптен алмаңыз, аздап бөліп алыңыз. Ол үшін шаш көтеретін құралды жаққаннан кейін шашыңызды жақсылап тараңыз, сонда олар кір көрінбейді.
Сондай-ақ, шашқа арналған лак пен спрейді де дұрыс пайдалану өте маңызды. Оларды жақын емес, 20-25 см қашықтықтан шашу керек. Бұл жағдайда үнемдеудің және өнімнің бір бөлігі шашқа шашылмай қалады деп алаңдаудың қажеті жоқ.

5-себебі: Сіз шашты сирек жуасыз

Шаштың кір көрінуінің тағы бір себебі оны сирек жуғаннан. Мұнда айына бір-ақ рет душқа баратын, гигиена сақтамайтын адамдар туралы емес. Әңгіме, «шашты неғұрлым жиі жумасаң, соғұрлым жақсы» деген аңызға сенетіндер жайлы болып отыр. Есіңізде болсын, бұл дұрыс емес. Мысалы, сіз денеңізді күнделікті жуғанда, ол нашарлап кетпейді ғой. Шашта да сондай. Себебі, әрбір адам тұрақты тазаланып, күтінуі керек. Әсіресе, басыңыз тез майланатын адам болсаңыз, жиі жуынғаныңыз жөн. Бірақ тұтастай алғанда, бұл мәселеде әрқашан өзіңіздің жеке сезіміңізге сүйенуіңіз керек.

6-себебі: Шашыңызды кешке жуасыз

Басыңызды түнде емес, таңертең жуыңыз. Сонда шашыңыздың тазалығы ұзаққа шыдайды. Бұл ұсыныс барлық адамдарға арналған, бірақ ең алдымен майлы шаштан зардап шегетіндерге жақсы көмектеседі.

7-себебі: Бас теріңіздің майлы екеніне қарамастан, шашыңызды тым ыстық сумен жуасыз

Су шашқа емес, бас терісінде әсер етеді. Егер су температурасы тым жоғары болса, ол май бездерінің белсенді жұмысын ынталандыруы мүмкін. Нәтижесінде шаш тез кірленеді. Дегенмен, бұл суық сумен жуу керек деген сөз емес, тек су ыстық емес, жылы болсын.

8-себебі: Денсаулығыңыздағы мәселелер туралы білмеуіңіз мүмкін

Егер сіз жоғарыда аталған себептердің барлығын жоққа шығарсаңыз, яғни, шашқа тиісті күтім жасасаңыз да, ол әлі де кір көрінетін болса, онда бұл денсаулығыңызға қатысты мәселе болмақ. Сізде, қалқанша безінде қиындықтар, гормоналды бұзылулар, иммундық жүйенің бұзылуы секілді денсаулыққа қатысты проблемалар болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерге қаралғаныңыз жөн.

 

Талқылау