Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаш үлгісін өзгерткен Айқынды жұрт Пугачеваға ұқсатты (фото)

Айқын Төлепбергеннің “жаңа шаш үлгісі” желі қолданушыларына ұнап қалды. Тыңдармандары оған осылай жүре беруге кеңес берді.

14374392_1113195962080900_7880930899833913344_n

Фото: instagram.com/aikyn/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айқын Төлепберген тағы да желі қолданушыларымен әзілдесті. Бұл жолы ол әйел образына енуді жөн көрген екен. Бірі мұны 91 тобына қолдау көрсетіп жатыр деп болжаса, енді бірі шаш үлгісінің өзіне жарасып тұрғанын айтты. Арасында әншіні Алла Пугачеваға ұқсатқандар да болды.

“Шашым өсіп кетіпті. Алдырамын ғой деймін” деп жазады Айқын Төлепберген суретінің тұсына. Ал желі қолданушылары керісінше оның өзіне жарасып тұрғанын айтып, түрлі қошемет сөз айтты.  “Өзіңе сондай жарасып тұр”, “Шашыңыз өзіңізге құйып қойғандай екен”, “Шашыңызды алдырмай-ақ қойыңыз. Әдемі болып тұр”, “Сізді қазақтың Мадоннасы деу керек шығар”, “Бір қарағанда Алла Пугачеваға ұқсайды екенсіз”, “Алла Пугачеваның сіңлісі сияқтысыз” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Әйеліне қымбат жүзік сыйлаған Айқынды жұрт шалыс басты деп болжады

Жас қызды ұнатпаған Амантай қажы тағы да тоқал іздеп жүр

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

Меруерт Түсіпбаева: Қайрат Нұртас киімін тегін берсе де кимеймін (видео)

Талқылау