Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шариғатта бала кезінде атастырылып қойған екі жастың үйленуі міндетті ме

Қазақта қыз-бен жігітті атастыру деген салты бар екенін үлкендерден естіп жатамыз. Атастырылған қыз бен жігіт міндетті түрде үйленуге тиіс пе?

b1eec97c481959f2c7b4bb63b702d8d3

Таныстығы, білістігі, жолдастығы бар кісілер бір-бірінің ұл-қызын үйлендіруге күні бұрын келісіп, уағдаласуын қазақта «атастыру» деп атайды, деп жазады islam.kz.

Мұндай келісім ұл мен қыздың жас шағында, тіпті бесіктегі кезінде жасала берген. Екі жастың берік отбасын құруын мақсат етуден туындаған салт. Оның күнәсі жоқ. Бірақ, бұл атастырылған қыз бен жігіт міндетті түрде үйленсін деген сөз емес.

Шариғатта екі жастың ризалығы мен келісімі – некедегі басты шарт. Сондықтан да, атастырылған екі жас үйленетін шаққа жеткенде өз қалауынша шешім қабылдайды: қаласа үйленеді, қаламаса үйленбейді.

Жіберіп алмаңыз:

Таудай қарызыңыз болса да құтылуға көмектесетін дұғалар

Дінде аң терісінен тон кию күнә ма

Дініміз бойынша жаман түс көргенде не істеу керек

Шариғат бойынша қызбен жүру күнә ма

Есінеу шарттары: Дінде есінеудің шайтаннан болатыны айтылған

Талқылау