Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шарап немесе сыра – қайсысының зияны аз?

Әлемде шай мен кофеден бөлек, тұтынушыларын қиюы келмес екі топқа бөлетін шарап пен сыра сынды сусындар аз.

151029150638_wine_beer_624x351_thinkstock_nocredit

Екі сусынды дәміне байланысты талғамымызға емес, ағзамызға тигізер әсеріне қарай салыстыруды эжөн көріп отырмыз.

Екеуінің қайсысының салдарынан семіздікке ұшыраймыз? Қайсысы пайдалырақ немесе зиянырақ? Ақыр соңында, қайсысы күштірек масайтады?

Біз ненің салдарынан тез масаямыз?

Сыраның бір пинтасы (568 мл) және шараптың орта бокалындағы этил спиртінің мөлшері бір деуге болады. Екеуінде де этил спиртінің мөлшері шамамен екі-үш стандартты британдық бірлікте (16-24) кездеседі.

Алайда, спирт масайту үшін ең алдымен қанға түсуі керек. Ал ол үдерістің жылдамдығы сусын түріне байланысты.

АҚШ-тағы Техасс университеті жанындағы Оңтүстік-батыс медициналық орталығының қызметкері Мэк Митчелл зертеу жүргізіп, ерікті қатысушы 15 ер адамнан күнделікті түрлі спиртті ішімдіктерді ішуді сұраған.
Ол ішімдіктерді құрамындағы спирт мөлшерінің сыналушының дене салмағына тепе-тең сәйкес келуіне қарай таңдап алып, олардың сынақ уақытында ішімдіктерді күнделікті және 20 минут ішінде ішулерін қадағалаған.

Болжалдағанымыздай, қанға бәрінен жылдамырақ күшті алкоголь түссе, одан кейінгі орындарды шарап, артынша сыра иеленген.

Басқаша айтқанда, шараптың бір бокалынан бір саптыаяқ сырадан гөрі тезірек масаясың.

Ер адамдарда қарын шығуына қайсысының ықпалы мол?

Сыраны жиі ішетін адамдардың қарны шығатыны жайлы кең етек алған пікірлердің де өз негізі болуы керек.
Калория сусынды тәтті ететін қантта ғана емес, этил спиртінде де бар. Сыраның бір пинтасында 180 калория бар. Ол шараптың кішкентай бокалындағы калориядан 50 пайызға көбірек. Сондықтан, нысапсыз ішілген сыраның соңы семіздікке ұшыратады.

Бірақ мөлшерін білетіндер үшін жоғарыдағы дерек қорқынышты емес. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі сыра мен шарапқа құмар адамдардың қысқа мерзім ішінде артық салмақ қоспағанын көрсетті.

Десе де, ең ұзақ деген тәжірибенің өзі 10 аптадан әрі аспаған. Осы себепті зерттеу жүргізушілер салмақ өзгерісіндегі болар-болмас айырмашылықты байқамаған болуы да мүмкін.

Он апта ішінде қосылған әр артық килограмм бес жылдан соң салмағы 25 килограммды құрайтын қарынға айналады.

Бас жазу қайсысынан соң қиынырақ?

Ғалымдар қанша тырысқанымен, осы күнге дейін ішімдіктен соң қалатын таңғы масаңдық табын жеңе алар емес.

Масаңдық табының пайда болу салдарын да ұғыну әлі күнге белгісіз. Бұл үдерісте басты рөлді ағзамыздағы сусыздану ойнайтын сияқты.

Біз көбіне сусын қаншалықты қошқыл болса, оның құрамындағы бейэтанолды компоненттер соншалықты көп деп есепетейміз. Әзірге, қолдағы деректердің өзі түрлі түсініктеме береді.

Бурбон іспетті күшті қошқыл спиртті ішімдіктер, шындығында да, араққа қарағанда анағұрлым ауыр масаңдық табын қалдырады. Бірақ шарап пен сыраның әр түрлі сұрыптары бұл салыстыруымызда тең көрсеткіш көрсетеді.

Сондықтан, күшті алкогольді сусын ішпесеңіз, шарап пен сыраның масаңдық табы салыстырмалы деуге болады.

Денсаулығымызға қайсысы зиянсыздау?

Күнделікті шараптың бір бокалын ішу ағзамыздың жасаруына оң әсерін тигізіп, жүрек-қан тамырлары аурулары мен қан қысымының жоғарылауы, қант диабеті қатерлерін төмендететінін жиі естиміз.

Шарап құрамында (әсіресе, қызыл шараптың құрамында көбірек) кезедесетін полифенолдардың пайдалы әсері мол деп саналады. Олар ісінулерді басып, ағзамыздан зиянды химиялық қосылыстардың шығуына көмектеседі.

Мұндай зерттеулерде, әдетте, сыра зерттелмейді. Бірақ оның да құрамында аздаған мөлшерде полифенолдар ұшырасатындықтан, сыра да ақ шарап сияқты әсер береді дей аламыз.

Бұл нәтиже шектен тыс ішімдік ішуге сылтау болмайтыны айтпаса да түсінікті. Дегенмен, күнделікті бір бокал шарап ішу кей адамдарға пайдалы болуы да мүмкін (мүмкін, пайдасы жоқ та шығар).

Зерттеуіміздің қорытындысында денсаулығымызға шараптың тигізер зияны азырақ деген тұжырым жасаймыз.

МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОҚЫҢЫЗ:

coffee-vs-teaШай немесе кофе – ағзамызға қайсысы пайдалырақ?

 

 

Талқылау