Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Шамаң келсе оқы: Қазақстандық министр жырдан үзінді оқып, эстафетаны жалғастырды (видео)
Қазақстанның ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев қазақ халқының батырлар жырын жатқа айтудан өтіп жатқан «Тұлпар мініп, ту алған» әдеби флешмобына қатысты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ерлан Қариннен эстафетаны қабыл алған министр «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқып, facebook-тағы жеке парақшасында жариялады.
«Ата-бабамыздан бері бізге мирас болып келе жатқан батырлар жыры ұлтымыздың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын әспеттейді. Батырлар жырын жатқа айтудан өтіп жатқан «Тұлпар мініп, ту алған» Ұлттық жобасын қолдау мақсатында Ерлан Қарин мырза маған эстафета жолдап, «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқуға шақырған болатын. Бұл эстафетаны қазақ тілін керемет меңгерген, парламент мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских мырзаға жолдаймын»,- деді министр.
Қазақ тілін дәріптеп, ұлттық әдебиетті насихаттаған министрдің батырлар жырынан оқыған үзіндісін естіген оқырмандар оны мақтан тұтып, үлгі тұтты.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген