Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шалқарда мектепке оранып келетін қыздардың жартысы орамалдарын шешті

Ақтөбе облысында Шалқар ауданы діни жағдайы үнемі бақылауда, теологтар тұрақты жұмыс жасайтын өңірлердің бірі. Ауданда жүзден аса жат ағым өкілдерінің тізімі жасалынған.

Бұл туралы aktobenews.kz хабарлайды.

«Шалқар ауданында жат ағымда жүрген 122 жас есепте бар. Екпе алмау жағынан 80 бала есепте тұр. Жат ағыммен күресу тек әкім мен теологтың жұмысы емес. Қоғам жұмыс істеу керек», — дейді Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев.

Ауданда мектепке оранып келетін оқушылардың алды сабаққа орамалдарын шешіп қатысып жатыр.

«Қазіргі уақытта алаңдатып отырған жағдай — баланың киімі. Министрдің бұйрығы бар. Заң барлығымызға ортақ болуға тиіс. Мектепте бала бір киім киіп, бір тәрбие алуы керек. Шалқар ауданында мектепке орамалмен келетін 16 бала бар. Қыркүйекте олардың жартысы орамалдарын шешіп келді. Балалардың мектепке орамал тағып келгеніне мен де қарсымын», — дейді Қаниев.

Бұған дейін ҚР мектептерінде қыздарына орамал шешкізбеген ата-аналар айыппұл төлейтіні хабарланған еді. Орамал дауы осыған дейін Жаңаөзен мен Ақтөбеде де туындаған болатын.

Оқи отырыңыз:

Атырау облысында екі баланы ұрлап кеткен әйел ұсталды

Ақтөбе полициясы көшеден табылған панасыз балалардың туыстарын іздеп жатыр

Жомарттықтың зияны: БҚО-да бейтаныс адамға қоңырау шалуға берген әйел телефонсыз қалды

Қазақстанда зейнетақы төлеудің жаңа ережесі енгізіледі

Талқылау