Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында белгісіз ер мен әйел бөтен итті пісіріп жеп қойған

Шахтинскте қала сыртында тұратын зәулім үйдің алдында үш жасар неміс иті ойнақ салып жүретін. Иесі аңшылыққа кеткен кезде кішкентай қақпаны ашып, сыртқа қашып кетуге де әдеттеніп алған еді.

f2d08867c6fe07979cc031b99326543e

Бұл туралы kriminalka.kz хабарлайды.

Рекс жоғалып кете салысымен, оған бірден іздеу жариялайды. Қаланың басқа бір бұрышына кетіп қалады деп ойламаған ол, тек өз ауданының ішін ғана тінтіп шығады. Екі тәуліктен соң іздеуге әлеуметтік желіде де парақшалары бар “Ит және мысық” деп аталатын жануарларды қорғау ерікті тобы да қосылады.

“Біз желіге хабарландыру орната салысымен әйел хабарласып, жоғалып кеткен итті бүгін көргенін, оның түрі әбіржіп кеткенін айтыпты. Овчарка таңертең оның ауласына барған. Оны балалар қоршап алып, ол да көңілді түрде ойнап кеткен. Ешқайсы иттен қорықпай, керісінше оны сипап жақын тартқан. Кенет итке бір ер адам мен әйел жақындап келіп, мойынына қарғыбау тағып алып кетеді. Куәгер әйел оларға иттің қаңғып жүрген емес, қожайыны бар екенін түсіндіруге тырысады”, – дейді ерікті Татьяна.

Қоңырау шалған әйел, итті қайда алып барады екен деген қызығушылықпен ізге түскен. Ол адамдар мұның Ленинградский көшесіндегі көршілері болып шықты. Ол адамдар әр жерде қаңғып жүрген екен. Әйел еріктілерге хабарласып айтамын дегенше бірақ бәрі кеш болған. Әлгі адамдар итті жемек болып пісіріп қойыпты.

Иттің қожайыны әлгілердің есігін қашан ашамын дегенше тарсылдатып қағады. Кіреберістен шыққан 37 жастағы ер адам келіп тұрған кісіге күш көрсетпекші болып ұмтылыпты. Бірақ айғақтан қашып құтылмаған ол итті өлтіріп, ваннада бөлшектеп, терісі мен басын жуынды төгетін орынға тастағанын айтады. Оның әйелі шығып иттің қожайынынан кешірім сұрайды. Алайда ашуға булыққан қожайын итті өлтірген адамды ұрып, көзі жасқа толған күйі қайтып кетеді.

Енді ол иттің көзін жойған адамдан материалдық және моральдық шығын өндіріп алмақшы.

Талқылау