Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахмат туралы сіз білмеген 10 ақиқат

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі сіздерге шахмат туралы қызықты мәліметтерді ұсынады.

Шахмат туралы сіз білмеген 10 факт

1. Шахмат атауының шығу төркіні

Шахмат 6-шы ғасырда ежелгі үнді ойыны кезінде шыққан. Оның атауы ежелгі және орта ғасырлардағы үнділердің әдеби тілінен аударғанда шахматтағы пешка, ат, піл және ладья ұсынылған жаяу әскер, атты әскер, піл және соғыс арбалары кіретін «әскердің төр бірлігі» деген мағына береді.

7-ші ғасырда бұл ойын Парсы жеріне келді және атауы шатранж деп өзгертілді. Шахмат сөзі дәл осы парсы тілінен шыққан. Ойыншылар «шахты» (парсы патшасы) жей отырып, қарсылас патшаға шабуыл жасаған. Ал «Шах мат» парсы тілінен «патша өлді» деген мағынаны білдіреді.

2. Барлығын сан соқтырған шахмат автоматы

1770 жылы венгерлік өнертапқыш Вольфганг фон Кеплемен шахмат машинасын ойлап тапты. Автомат адамға ұқсас болды. Онда есігі ашылатын ағаш шкафтың үстінде отырған адамның мүсіні жұртшылыққа күрделі механизмдерді көрсететіп отырады.

Механикалық қол шахмат тастарын өзі жылжытып, Наполеон Бонапарт және Бенжамин Франклин секілді танымал қарсыластардың өзін жеңетін. Бірақ, көптеген жылдан кейін шахмат машинасының автомат болмағаны анықталды. Сөйтсе оның ішінде көрермендерге ақылды «машинаның» күрделі механизмдерін көрсетіп отыратын, мықты шахматшы жасырынып отырған.

3. Ең ұзақ және ең қысқа шахмат ойыны

Ең қысқа шахмат ойыны ақымақ мат деп аталады және ол екі қадамнан тұрады. Мысалы, 1. f3 e5 және 2. g4 Qh4 ++. Жеңіліс немесе тең ойын ойыншы ойынға кіріспес бұрын да орын алуы мүмкін.

Ал ең ұзақ шахмат ойынын 1989 жылы Белградта Иван Николич пен Горан Арсович ойнады. Ол 20 сағат 15 минутқа созылды. Ойын барысында 269 қадам жасалған және бұл партияда екі шахматшы да тең түсіп, жеңімпаз анықталмады.

Теориялық тұрғыдан ойын бұдан да ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, бірақ 50 қадам жасау туралы ереже енгізілгеннен кейін бұл сан шектелуі мүмкін.

4. Шахбокс

Гарри Каспаров бірде «шахмат – ақылдың азабы» деп айтқан болатын. Сондықтан, әлдебіреулер шахматты физикалық сынақтармен біріктіріп, шахбокс жасауды шешкен көрінеді. Нақтырақ айтар болақ, шахбокс шахмат пен бокстың қосындысынан туған қоспалы спорт. Шахбокстың негізін салушы Нидерланд суретшісі Ипе Рубингстал. Ол шахмат пен боксты бір комикстік кітапта біріктіру идеясын көргеннен кейін шахбокс ойлап тапты.

Шахбокста шахмат және бокс турнирлері айналымға түседі және оның ұраны: «Шайқас – алаңда болады, ал жауынгерлер – шахмат тақтасына түседі».

Сондай-ақ, «шахбокс» бүкіл әлем бойынша кеңінен танымал болып, бүкіл әлемдік шахмат бокс ұйымының бақылауына алынды.

5. Динамикалық патшайым

Шахматтың Ферзь немесе патшайым тасы шахмат тарихында көптеген өзгерістерге ұшырады. Мұның бәрі оның тек диагональ бойынша бір торда ғана жүре алуынан басталды. Кейіннен ол екі торды аттап жүріп, содан кейін ат сияқты одан әрі жылжып отырды.

Енді бұл тас диагональ да, көлденең де, тігінен де жылжиды. Алғашында ол патша кеңесші немесе уәзір болды. Бірақ, кейіннен шахматтағы ең мықты тасқа айналды.

6. Соқыр шахмат

Соқыр шахмат – бұл ойыншының шахмат тақтасына қарамай-ақ, барлық қадамдарды жасайтын ойын нұсқасы. Әдетте, ойында барлық тастардың орнын ауыстырып отыратын делдалдық етуші үшінші адам болады.

Соқыр шахмат ойнау әдісі көптеген мықты шахматшыларда болатын керемет қабілет. Шахматтың бұл нұсқасында венгерлік шахматшы Янош Флеш чемпиондардың бірі атанды. Ол 52 адаммен бір уақытта шахмат ойнап, оның 32-сінде жеңіске жетті.

7. Шексіз мүмкіндіктер

Әр үш қадамнан кейін әр ойыншыда тоғыз миллионнан астам мүмкін позициялар бар. Америкалық математик қайталанбайтын шахмат ойындарының ең аз санын есептеп, Шеннон санын шығарды.

Осы санға сәйкес, ықтимал бірегей партияның саны әлемдегі атомдардың санынан асып түседі. Атомдардың саны 10 ^ 79 деп бағаланған, ал бірегей шахмат ойындарының саны – 10 ^ 120.

8. Шахматтық компьютерлердің күші

Қазір шахматтық компьютерлер шахматтың маңызды бөлігі болып табылады. Шахмат тарихында ең мықты ойыншы саналатын әлем чемпионы Гарри Каспаров, 1997 жылы Deep Blue компьютерінен ұтылып қалып, бүкіл жұртты таңғалдырды.  Оның шахматтық компьютерлерден жеңілуі шахмат әлемі үшін шынайы соққы болды.

2006 жылы әлем чемпионы Владимир Крамник компьютерлік Deep Fritz  шахматтық компьютерінің күшін тағы бір атап өтті. Бүгінгі таңда шахматтық бағдарламаларды ойыншылар ойынды талдау және жақсарту үшін жиі қолданады. Сондай-ақ, оларды жиі гроссмейстерлермен теңестіреді.

9. Ұйықтап қалмау үшін қойылатын шахмат сағаты

Бастапқыда шахмат ойындары сағатсыз ойналатын. Сонымен қатар, ойыншылар бір-бірін шаршатып, тіпті бірнеше күн қатарынан ойнай алатын болған. 1851 жылы шахмат турнирінде төрешінің көмекшісі шахмат паритиясына «ойыншылар ұйықтап қалғандықтан ойын аяқталмады» деген қорытынды жасады.

Осыдан кейін, бір жыл өткен соң халықаралық турнирде уақытты бақылау үшін сағат қойылатын болды. Ал 1883 жылы британдық Томас Уилсон жасаған алғашқы механикалық шахмат сағаты пайда болды.

10. Шахмат және біздің миымыз

Психологтар жиі шахматты есте сақтаудың тиімді жолы деп атайды. Ол сондай-ақ күрделі мәселелерді шешуге және түрлі идеяларды ойлауға мүмкіндік береді. Сондықтан да болар, дәрігерлер альцгеймер ауруымен күресу үшін науқасқа шахмат ойдауды ұсынады.

Көптеген адамдар шахматты табиғатынан жоғары интеллектке ие адамдарға арналған ойын деп есептейді. Бұл шын мәнінде шындық. Бірақ сіз де шахмат ойнау арқылы ойлау қабілетіңізді айтарлықтай жақсарта аласыз.

Сонымен қатар, зерттеу шахматтың мидың екі жартышарын белсендіретінін, шығармашылықты, концентрацияны, сыни ойлауды және оқу дағдыларын жетілдіретінін көрсетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау