Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серікбол Сайлаубектің денсаулығы сыр беріп жүр

Соңғы уақытта әнші Серікбол Сайлаубектің денсаулығы сыр бере бастаған көрінеді.

image-12

Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

Сондықтан болар, әнші бүгінде ауруханалардың табалдырығын тоздырып, ем қабылдап жүр. Өйткені, соңғы кезде әншінің көз жанары нашарлапты. Онысын Серікбол концерттердің бірінде анықтаған. Сахнада қошаметтеп отырған халықты мүлде көре алмай қиналғаннан кейін ақ халаттыларға жүгінуге тура келіпті.

Көпшілік Серікболдың қара көзілдірік тағып сахнаға шығуын хит әнші Қайрат Нұртасты қайталайды деп сынаған болатын. Алайда, Серікболдың үнемі көзілдірікпен жүруінің өз себебі барын бірі білсе, бірі білмейді.

“Көзілдірігімді шешсем, сізді былай көре аламын. Ал былай көре алмаймын”, – дейді әнші Серікбол Сайлаубек.


Жіберіп алмаңыз:

Көпшілік Роза Рымбаеваның кіші ұлын Ninety one әншісімен шатастырып алды (фото)

Араб әйелдерінің киімін киген Мәдина Сәдуақасова қатаң сынға ілікті (фото, видео)

Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы туған күнімен құттықтап келді (видео)

Атышулы Ninety one тобының тағы бір концерті өтпей қалды

Талқылау