Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ибрагимов соңғы кездері келіншегін жұрттан жасыруының себебін түсіндірді

Өзге әріптестерімен салыстырғанда Серік Ибрагимов жеке өмірін ешқашан жасырған емес. Сүйіктісіне ұсыныс жасаған күні-ақ ол Айнамкөзді бүкіл елге көрсетті. Тойын да ашық түрде өткізді. Алайда соңғы кездері Серік жары Айнамкөзді жұрт көзінен жасыратын болған. Оның себебін Серіктің өзі түсіндірді.

maxresdefault

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Әйеліңді көрсете беру де дұрыс емес деп ойлаймын. Мысалы, мен 1-2 рет әлеуметтік желіде үйлендім, келіншегім, жарым осы деп салдым. Жиі-жиі сала бермеу керек деп ойлаймын, жеке өмір мен шығармашылықты араластырмау керек. Сондықтан менен сұрап жатса, әрине үйлендім деп айтамын. Алладан жасырмағанды, адамнан да жасыра алмаймыз. Сондықтан ол жағынан өзіме өзім жауап бере аламын, қалғандары өздері біледі”, – деп түсіндірді Ибрагимов.

Өз кезегінде әнші жігіт неке жүзігін саусағынан тастамайтынын мойындады. Серіктің айтуынша, неке жүзігіне атүсті қарауға болмайды. Оны бір таққан адам жауапкершілікті сезінуі тиіс дейді ол.

“Неке жүзігін әрі қарай да таға беретін шығармын, Алла ғұмыр берсе. Неке жүзігін жайдан жай тақпаймын, мұның да артында бір жауапкершілік. Адам басқаша қарайды, басқаша ойлайды. Сондықтан бір жағынан жақсы ғой. Менікі күміс, еркектерге болады”, – деп түйіндеді сөзін Серік.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет неке жүзігі мен сәбиін көрсетті (фото)

Қытайлықпен дуэт айтқан Димаш ән байқауында оған 1-орын алып берді (видео)

Ақбота Керімбекова: Ұлым қазіргі күйеуімді туған әкесі деп ойлап жүр

Тәуекел Мүсілім өзін ессіз ғашық еткен қырғыз аруы жайлы айтып берді (фото)

Талқылау