Серік Ибрагимов өзіне ұл сыйлаған жұбайына жеке кәсіп ашып берді
Осыдан үш жылдай бұрын шаңырақ көтерген Серік Ибрагимов бүгінде келіншегін жанынан тастамайды. Өзге әріптестерімен салыстырғанда, мерекелік кештер мен түрлі думандарға өзімен бірге алып барады. Сондай-ақ, Серік өзіне ұл сыйлаған сүйікті жарына жеке кәсіп ашып берген.

Бұл туралы Stan.kz Hit-TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Аруларға арнап дүкен ашқан болатын. Әзірге өз шығынын өтеп жатыр. Болашақта үлкен нәрселер алып келеді деген ойдамыз. Әзірге ашылғанына 2 ай ғана болды", - дейді Серік.
Ибрагимов келешекте дүкен кеңейіп, отбасылық бизнеске айналар деп үміттенеді. Кәсіптен бөлек, әнші жеке шығармашылығын да ұмыт қалдырған емес.
"Үлкен-үлкен концерттерге қатыспаймын. Мен немесе гастрөлде, немесе тойда жүремін. Сондықтан әзірге шықпай кеттім. Күйзеліске түспедім. Кеше ғана Қарағандыдан келдім. Гастрөлдерім жалғаса бермек", - дейді Серік.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда