Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Аббас-шах: Бекболат ваххабизмді насихаттап, қазақтың басын қатырды

Серік Аббас-шах қоғам қайраткері Бекболат Тілеухановтың қазақ еліне ваххабизмді насихаттап жүргенін айтты.

новый коллаж

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Белгілі журналист Серік Аббас-шах қоғам қайраткері Бекболат Тілеухановтың жүрген жерінде ваххабизмді насихаттайтынын айтып сынады.

“Ол әдемі сөйлейді. Ол көсем сөздің шебері. Ол ваxxабизмді “госидеология” жасаған Сауд жұртының танымын белсене насиxаттап, талай жыл бойы қазақ жұртының басын қатырып келеді.  Алаш елінің сана-дәстүрінде қалыптасқан дін жолынан басқа жаққа бұрып, сан мыңдаған жасты әбден адастырды.

Енді жылы орынға қайта жайғасып, түк болмағандай “мемлекет адамы” болып отыра қалды. Біресе олай, біресе былай сөйлейді. Адасқандардың миы әбден уланғаны сонша, енді бейбіт күнде қан төгілуде. Оларды адастыруға мол үлес қосқан қызыл тілді көсемсымақтар неге үнсіз қалды? Ұялып отыр ма, жоқ, әлде басын стол астында тығып, “сен тимесең, мен тимелеп” сақал сипалап жатыр ма?” – дейді Серік Аббас-шаһ.

 

 

 

Талқылау