Сергей Зверев орындаған қазақша әнге бейнебаян түсіріліп жатыр
Желтоқсанның 1 – күні бейнебаянның орыс тілдегі нұсқасының тұсаукесері өтті. Бір апта өткен соң әншілер бейнебаянның қазақ тіліндегі түпнұсқасын жарыққа шығарды. Бұл әннің авторы Қостанайлық ақын Еркін Суюбаев.
«Сіздер білесіздер ме, бұл мен үшін оңай болған жоқ. Мен апта бойы әннің қазақша нұсқасын тындап, жаттадым. Әнді жазуға студияға келгенде, мен жан-тәніммен қиындықты сездім. Мен қазақ алфавитінің әріптері орыс алфавитінен өзгеше екенін ұқтым. Осының бәрі басында маған оңай соққан жоқ, бірақ мен соңында қазақ алфавитіндегі Ң әріпін Н әріпінен, Ө әріпін О әріпінен айыруды үйрендім»,- дейді Сергей Зверев.
Ресейлік әншіге қазақ тіліндегі әннің мына шұмағын жаттау қиын болыпты.
Қара көзім ,әлі есімде
Жаным-ау айтқан сөзің,
Кінәлісің бәріне енді өзің
Шын көрдің бе жаным-ау,
Жұрттың айтқан жалған сөзін.
«Қаір қазақша әннің қайырмасына қалай ыңылдап кірісіп кеткенімді білмей қаламын»,- дейді Сергей Зверев.
«Сергей берген тапсырманы үздік орындап шықты. Қазақ сөздерің дұрыс айту үшін өте көп еңбектенді және өте жақсы нәтижеге қол жеткізді. Сергейдің репертуарында шешен, украин, грузин, ағылшын тілдерінде әндер бар, енді оған қазақ тіліндегі ән қосылды. Ол өте талантты жан. Біздің Сергей екеуміздің бірге айтқан жаңа жылдық көңілді әніміз қазақстандық көрермендерге ұнайды деп сенемін»,-дейді әнші Диана Шарапова.
Жастық шағы Өскеменде өткен Сергей Зверевтің өзі қазақша ән айтуға ынталы болған. Бейнебаян түсіруді де өзі ұсыныпты. Диана Шарапованың продюсері жаңа әнмен Қазақстанда концерт қоюды жоспарлап отырғандарын да айтады.