Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев көз жұмды

Бүгін парламент сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев көз жұмды. Ол 63 жасында өмірден озған. Бұл туралы Талғат Қалиевтің мәлімдемесіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев көз жұмды

“2006 жылы Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылып, сотталған. Араға жылдар салып, қылмысты орындаушы жалған түсініктеме бергенін айтып, тапсырыс берушінің Рахат Әлиев екенін мәлімдеді. 2014 жылы Ержан Өтембаев бостандыққа шықты. Ал оның үкімі жартылай күшін жойды. Түрмеден шыққаннан кейін Өтембаев елдің саяси өміріне араласқан жоқ. Ержан Әбілхайырұлының отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз”, – деді Талғат Қалиев.

Ержан Өтембаев – парламент сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі. Ол 2006 жылы оппозиция өкілі, саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты, оның жүргізушісі мен күзетшісін өлтіруге тапсырыс беруші ретінде сотталды.

Бас прокуратура қылмысқа тапсырыс беруші – Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев пен ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Алнұр Мұсаев деп шағым түсірген соң, Өтембаевтың үкімі қайта қаралған болатын.

2014 жылдың ақпан айында Өтембаевтың үкімі қайта қаралып, жазасы 20 жылдан 13 жылға қысқарды. Сот оны Сәрсенбаевты өлтіруге көмектескен деп бағалады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау