Семіздіктің ешкім күтпеген пайдасы анықталды
Анықталғандай, артық салмақ жүрек ауруларына шалдығу қатерін арттырғанымен, инсульттен кейін қалпына келуге көмектеседі.

Толық адамдардың инсульттен кейін аман қалуға мүмкіндігі көбірек. Бұл туралы Америкалық неврология академиясындағылар мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
Ғалымдар миына қан құйылған мыңдаған егде жастағы пациентті бақылау барысында осындай тұжырым жасаған.
Анықталғандай, қалыпты салмақ иелерімен салыстырғанда, семіздіктен зардап шегетіндердің инсульттен көз жұмуы 62 пайызға сирек болыпты.
Зерттеушілердің нұсқасы бойынша, бұл ретте нәрлі заттар қоры көмекке келеді. Егер инсульттен кейін сауығу ұзаққа созылса, дәл осы нәрлі заттар қоры адамды аман алып қалады. Алайда бұл әлі расталған жоқ.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған