Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде жалған емші келіншектерді бала көтертіп, бедеуліктен емдеймін деп алдап келген

Семейде 10 жылдан бері бала көтере алмай жүрген әйелдерге бала көтертіп, бедеуліктен емдейтінін айтып алдап келген зейнеткер ұсталды. Ол бала сүюге ықпал ететін дұға оқып, бұл әрекеті үшін қомақты қаржы талап еткен.

Семейде жалған емші келіншектерді бала көтертіп, бедеуліктен емдеймін деп алдап келген

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

57 жастағы зейнеткерге алданған әйелдердің сөзінше, ол сенімдеріне кіріп, түрлі дәрі-дәрмектер берген. Ал оған сенген әйелдер сәбилі болу үшін, несиеге ақша алып, үйлерін сатып, қарызға ақша алып тапқандарын зейнеткердің қолына ұстатқан. Әйелдердің сөзінше, ол жасаған ем-домы үшін 3 миллион теңгеге жуық ақша алған.

Ал зейнеткер берге дәрі-дәрмектер мен суды ішіп, майды жаққан әйелдердің іші аяқастынан дөңгеленіп шыға бастаған. Сондықтан олар сәбилі болатынынан үміттенген екен.

«ҚР қылмыстық кодексінің 190 бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі біріңғай тергеп-  тексеру тізіміне еңгізіліп, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір қолхатпен босаттық», – дейді Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Ендігі зейнеткерге алданып, сан соғып қалған әйелдер саны 13 адамға жетіп отыр. Олар жалған емшінің дәрісін ішіп, денсаулығын құртқанын айтуда.

Айта кетсек, Өскеменде қарғысты кетіремін деген 22 жастағы балгер қыз зейнеткерлерді тонап келген.

Талқылау