Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде туған әкесінен зорлық көрген қыз бала екі рет асылып қалмақ болған

ШҚО-да қызын 4 жыл бойы зорлап келген ер адам 19 жылға қамауға алынды.

- -   - -   - -   00000000000000000000174

Бұл туралы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

2011 жылдан 2015 жылдар аралығында үлкен қызын зорлап келген азғын әке 10 жасқа толғанда кіші қызын да зорлай бастаған. Қызының көру қабілеті нашар болғандықтан ол сабағын мектепте емес, үйде отырып оқиды. Оған мемелекет есебінен жәрдемақы төленеді. Бірақ әкесі оның жәрдемақысын ішімдікке жұмсайтын көрінеді.

Қыздары 4 жыл бойы бұл азғындық жайлы ешкімге тіс жармай келген. Әкесі олардың анасын да үйінен қуып жіберген екен.

Әкесі кіші қызын зорлай бастағанда олар анасын тауып алып, болған жайтты айтып берген. Анасы полицейлерге хабарлаған соң, бұл қылмыс тексеріліп, әкесі 19 жылға сотталды.

Үлкен қызының психикасына зақым келгендіктен ол тұйық болып, мінезі өзгеріп кеткен. Тіпті, екі рет асылып қалмақ болған. Мамандар оның өзіне келу үшін ұзақ уақыт керек екенін айтады.

Қыздардың анасы қайынжұртының балаларды алып кетуге қарсы болғанын, оларды заңды түре ажырастырмай үйінен қуып шыққанын айтқан.

Жіберіп алмаңыз:

Жамбыл облысында педофил 10 жасар балаға алдап фейерверктер алып берген

Оқушылардың педофилді аяусыз ұрып өлтірген сәті жазбаға түсіп қалған (видео)

72 жастағы педофил 9 жасар қызды ауладан пәтеріне алдап апарып зорлаған (видео)

Атырауда 3 жасар қызды қорлаған педофил сотталды

Шымкентте 5 жасар қызды зорлаған педофил қамалды

Қазақстандықтар педофил туыстарынан қалай зорлық көргенін ашық айта бастады

Талқылау