Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде полицей өзіне қол жұмсамақ болған оқушы қызды құтқарып қалды

Семейде тәртіп сақшысы мектеп оқушысын өлімнен құтқарып қалды. 9-сынып оқушысы өзіне қол жұмсамақ болған.

20170116police

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Семейдегі ІІБ қызметкерлерінің айтуынша, Қылмыстық полиция бөлімінің полиция капитаны Нұржан Өскенбай жұмысынан тыс уақытта үйіне қайтып бара жатады.  Оған аула сыпырушы келіп, 9-қабаттағы үйдің терезесінде қыздың отырғанын айтады.

«Полицейдің өзімен ұялы телефоны болмағандықтан өзгелерден құтқару қызметіне хабарлауын сұрап, өзі жоғары қабатқа көтеріледі. Ол жақындағанда терезеде отырған жас қыз екенін көреді. Кейін оның 2001 жылғы оқушы екені анық болды. Ол балконның терезесіне отырып алып, секірем деп қорқытқан. Өскенбай азаматтық киімде болғандықтан өзінің полицей екенін айтпаған. Ол осы үйге қарама қарсы бетте тұратынын, оны терезеден көргенін айтады. Полицей қызға жақындаған бойда ол айқайлап, секіретінін айтқан. Нұржанның түсінуінше, қыздың жақында әжесі қайтыс болыпты. Сол себепті несересі өзіне қол жұмсамақ болған», – деді ІІБ-да.

Полицей қызбен 10 минуттай сөйлеседі. Кейін құтқару қызметі келгенде астыңғы қабатқа түсіп кетеді. Сосын қайтып келіп білдірмей оны артынан ұстап шығарып алады. Қыз дәрігерлердің қарауына тапсырылды.

Мектепте қызың тәртіпті екенін айтты. Өзі толыққанды отбасында тәрбиеленуде. Оның мұндай қадамға баруына әжесінің өмірден озғаны себеп болуы мүмкін.

Анна Сорокина

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында мектепті жылыту үшін сабан жағып амалдауда

Алматыдағы ардагерлер үйінде 6 ақсақал мен әже отау құрған

Қаскелеңде баласынан айырылған ата-ана тергеушілерге ашулы

Талқылау