Семейде мұз астына түсіп кеткен баланың денесі 3 күннен соң табылды
Семейде құтқарушылар өзенге батып кеткен он жастағы баланың денесін тапты. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қайғылы оқиға 5 наурыз күні болыпты. Екі бала ата-аналарының қарауынсыз Семейде мұз үстінде ойнаған. Олардың бірі ойнап жүріп мұздың жұқа тұсына барып қалғанын байқамай қалады. Бала бірден суға батып кеткен. Екінші бала ересектерге қарай көмек сұрап жүгіргенімен, оны құтқару мүмкін болмады.
Іздеу жұмыстары үш күн бойы жүргізілді. Баланың денесі 8 наурыз күні сағат 14:42 шамасында жағалаудан төрт метр қашықтықта, құлаған жерден 1 шақырымдай жерден табылған.
Оқи отырыңыз:
Атырауда 73 жастағы балықшы әжей мұз ойығына түсіп кеткен
ОҚО-да жаңа туған сәбиді қытай сөмкесіне салып мектеп жанына тастап кеткен
Бір жасар қыз фри картобынан уланып көз жұмды
Қарағандыда 9-сынып оқушысы 10 айлық інісін мұзға құлатып өлтіріп алды
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты