Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы бір спортшы қазасы: Семейде көмір үшін таласқан азамат дзюдо чемпионын өлтіріп тастады

Семейде көмір үшін кезекке тұрғандар арасында жанжал туып, ер адам мерт болды. Марқұм болған азамат ҚР дзюдодан чемпионы Жасұлан Абиев.

Жасұлан Абиев

Жасұлан Әбиев 60 келіге дейінгі салмақ категориясында үздік дзюдо күресшілерінің бірі. Қазақстан чемпионатының және халықаралық турнирлерінің бірнеше мәрте чемпионы және жүлдегері болды.

ШҚО ішкі істер департаменті бұл ақпаратты растады.

Оқиға 13 қараша күні «Қаражыра» көмір кен орнында болды. Көмірге таласқан кезектегі адамдар жанжалдасып кетіп, соңы адам өлімімен аяқталды. Кезекте тұрған азамат 33 жастағы спортшыны қатігездікпен өлтірген. Қылмыскер ашуға қатты берілгенге ұқсайды. Адам өлімі үшін 1994 жылы туған жігіт ұсталды. Ол Семей қаласының тұрғыны. Ол спортшыны пышақтап өлтірген.

Семей қаласы полиция басқармасының мәліметінше, қазір тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша қамауға алынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау