Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде 5 жасар баланы зорлаған күдікті ұсталды

Семейде 5 жасар балаға азғындық жасаған деп күдіктелген азамат ұсталды.

Шығыс Қазақстан облысы ІІМ мәліметінше, 21 қыркүйек күні қала тұрғыны полиция арыз жазып, ұлын белгісіз біреудің азғындағанын айтты. Бүлдіршін 2013 жылы дүниеге келген.

Күдікті тұрғын үй ауласында ойнап жүрген балаларды көріп, арам ойын жүзеге асырмақ болады. Ол ересектердің жоқтығын пайдаланып, 5 жасар баланы гараж маңына апарып, арам ойын іске асырған.

Полицейлер жедел-іздеу тобын құрып, күдіктіні іздей бастады. Іздеу шарасы барысында 26 жастағы күдікті қолға түсті. Ол бұрын сотталған. Күдікті жауап беру кезінде кінәсін мойындады.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдікті алдын ала тергеу изоляторына орналастырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау