Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде ақысына жұмысқа орналастыруды уәде еткіш алаяқ ұсталды

Семй тәртіп сақшылары  ақысын төлесе жұмысқа орналастыруды уәде еткен алаяқты ұстаған. Бұл азамат кемінде 5 адамды алдап соққан деп күдіктелуде.

Vzyatka_1

Бұл туралы Қазақстан-Жаңалықтары хабарлайды.

28 жастағы Курчатов тұрғыны адамдарға өзінің «жұмысқа орналастыра алатын» қызметін ұсынған. Ол адамдармен кездесіп, өзінің сенімді таныстары барын да түсіндірген

Ол өзінің алдына келгендерге  белгілі компаниялардағы күзет жұмысына орналастыра алатынын айтқан. Ол сенгіш халықтан 15- 75 мың аралығында сыйақы алып отырған.

«Ол әйелдерден аздау, еркектерден көбірек қаржы алып отырған.  Семейдегі 44 пен 22 жастағы екі ер азамат бірігіп алаяққа 50 мың берген. 47 жастағы тағы бір азамат  оған жалғыз өзі бүтіндей 75 мың теңге ұстатқан»,-делінген ШҚО ІІД хатында.

Полиция қызметкері қазірге бұл азаматқа қатысты бес адамның шағымы жиналғанын айтады.

 

 

Талқылау