Семейде 5 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті
Семейде 5 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды қалалық ТЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Оқиға қаладағы Жаңа Семей көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде орын алған. Қалалық құтқару қызметіне пәтер терезесінен баланың құлап кеткені туралы қоңырау түскен.
Анықталғандай, үйде ересектердің қарауынсыз қалған бала төртінші қабаттан дүкеннің шатырына құлап кеткен.
«Бала бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы және басқа жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», – делінеді хабарламада.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі