Семейде 2-сынып оқушысы суға кеткен 4 жасар баланы кұтқарып қалды
Семейде 2-сынып оқушысы суға құлап кеткен 4 жасар баланы аман алып қалды, деп Stan.kz хабарлайды.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 2-сынып оқушысы Виктор Новоселовтың ерлігі жайлы мектептегілердің бәрі хабардар.
Оқиға 19 мамыр күні болды. Ашық тұрған суға 4 жасар бүлдіршін түсіп кеткен. Балалар ересектерді шақыруға жүгіріп кеткенде, Виктор бүлдіршінге ұмтылды. Ол судың түбіне батып кетпес үшін, қолымен ұстап жібермей тұрған. Өз күшімен тартып шығаруға күші жетпепті. Үлкендер келген соң баланы алып шықты.
Мектеп басшылығы оқушылар алдында Викторға алғыс айтып, мақтау қағазын табыстады.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді