Семейде 18 жастағы студент қыз із-түссіз жоғалып кетті
Семейде медициналық академияның 2 курсында оқитын Жансая Нұржанқызы із-түссіз жоғалып кеткен.

Бұл туралы NewTimes.kz хабарлайды.
Жансаяның туыстарының айтуынша, ол құрбысымен бірге тұрады екен. Ал 2 қазан күні Жансая құрбысына тәтесінің үйінде түнейтінін айтыпты. Бірақ, ол тәтесінің үйіне бармаған. Әйтседе келесі күні сабаққа келген. Сабақтан соң қайтадан жоғалып кеткен. Үш күннен бері ешкім онымен байланысқа шыға алатын емес.
Жансаяның жігіті де бар екен. Бірақ, ол да қыздың қазір қайда екенінен бейхабар. Қыздың туыстары полицияға шағым түсірген. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары қызды іздеумен айналысып жатыр.
Егер қандай да бір ақпарат білетін болсаңыз, мына нөмірлерге хабарласуға болады: 102 жедел нөмірі немесе 8 700 52 55 00 4.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін