Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей тұрғындары өртеніп жатқан автобусты қармен сөндірді (видео)

Семейде 12 желтоқсан күні №14 бағыттағы автобустың бензобагінен өрт шыққан. Жүргізуші де арнаулы өрт сөндіргіш құрал болмағандықтан, қызыл жалынның бетін қармен қайтаруға тура келген.

Безымянный

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Оқиғаны куәгерлер телефон камерасына да түсіріп алыпты. Өрт автобус аялдамада тұрған кезде тұтанған. Жүргізушіге тұрғындар көмектесіп, ақ қармен қызыл жалынды ауыздықтауға кірісіп кеткен.

Осылайша өрт шамамен бес минуттың ішінде сөндіріліпті. Ал ШҚО төтенше жағдайлар департаменті аталған оқиға бойынша хабар келіп түскен жоқ дейді.

“Қоғамдық көлік жүргізушісі өрт сөндірушілерді шақыруды жөн деп таппаса керек, мұнысы бекер болған. Бүкіл көлікті өртке орау үшін 2-3 минуттың өзі жеткілікті. Сонымен қатар, қармен өрт сөндірген адамдар да өздерінің немесе басқалардың қауіпсіздігіне қатысты жауап бере алмайды. Егер әрі қарай өрт мүмкіндік бермесе немесе қуатты жарылыс болып кетсе қайғылы оқиға орын алар еді. Сондай-ақ, куәгерлер де ондай сәтте телефонға түсіріп тұрғанша, жедел өрт сөндірушілерді шақыруы тиіс”, – деп атап өтті ШҚО ТЖД өкілдігі.

Оқи отырыңыз:

7 жастағы екі қыз базар ішінде өз-өздерін жарып жіберді

Ақтауда топ болып төбелескендердің видеосы ғаламторда жарияланды

Астанада Бас прокуратураның алдында өзін өртеген әйел өлім аузында жатыр

Германияға келген босқын Еврокомиссияда істейтін шенеуніктің қызын зорлап өлтіріп тастады

Талқылау