Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семей билігі әлі салынбаған жағажайды жетілдіру жұмыстарына милион теңге жұмсамақ

Семей тұрғындары жетілдіру жұмыстарына миллион теңге қаржы жұмсалатын заты жоқ жұмбақ жағажайдың қандай екенін елестете алмай дал.

3a2a0d0676cac8f2760dd554cb7c7ab2

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Семейдің Ертіс өзенінде ешқандай жағажай жоқ. Бірақ жиында қалалық бюджетті талқылау отырып, жағажайдың бар екені, оған қазынадан біршама қаржы бөлінгені айтылды.

«Былтырғы жылы біз жағажайды жетілдіру жұмысына бір жарым миллион, ал биыл 1,7 миллион теңге бөлдік», – дейді қалалық экономика бөлімінің жетекшісі Гүлжан алтынбекова.

«Былтырғы жылы 1,3 миллион теңге есебінде шығын келтірілді. Полковничий аралында жағажай бүлініп, 40 жүк көлігімен құм тасыдық. Құтқарушылар кезекшілік етіп, саңырауқұлақ түріндегі жағажай орындары қойылды. Биыл бюджеттен қаржыландыруды 8 пайызға арттыру көзделіп отыр», – дейді ТКШ бөлімінің жетекшісі Мұрат Әленов аңыз болған жағажайы жайлы айта отырып.

Осыдан соң жағажай жайлы желіде қызу талқылана бастады.

«Бұл жағажай Ертіс өзенінің ағысы қатты жерінде орналасқан. Ол жерде суға түсу өте қауіпті. Жағалауы да тас аралас», – деп жазады желі қолданушысы Жасұлан Құрманғалиев.

Илья Миллер

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде оқушының анасы ата-аналар комитеті жинаған ақшаны жұмсап жіберген

Қолтырауынның аналығын зорламақ болған үш ағайынды жігіт көз жұмды

Сүйекті өзі жемей 4 күшігіне берген ит жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Талқылау