Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Селин Дионды шаң қаптырды: Әнші Айри отандық жобада төрешілерді таңғалдырды (видео)

Әнші Әйгерім Рақыш (лақап аты Ayree) отандық I am a Singer жобасына қатысып, төрешілер мен көрермендерді таңдай қақтырды. Ол осы уақытқа дейін бірде бір қатысушы жете алмаған межені бағындырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Селин Дионды шаң қаптырды: Әнші Айри отандық жобада төрешілерді таңдай қақтырды (видео)

Айри жобаның іріктеу кезеңінде әлемге әйгілі әнші Селин Дионның “I surrender” әнін шырқап, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Залда отырған көрерменнің 90 пайызы әннің ортасына жетпестен Айриге дауыс берді. Сәкен Майғазиевтің айтуынша, мұндай көрсеткішке бұған дейін бірде бір қатысушы жетпеген.

“I am a Singer жобасында деңгейді көрсету үшін сен сияқты әнші бізге ауадай қажет еді. Сен келдің, біз сені күттік”, – деп қуанды Сәкен.

“Мен Айриді бұрыннан білемін. Бірақ онымен Қазақстанда танысқан жоқпын. Ол халықаралық “Славян базары” байқауына Қазақстанның атынан шықты. Бұл қыз еліміздің “сен тұр, мен атайын” дейтін бір топ шоқ жұлдыздардың ішінен өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Біріншіден, ол бірегей тембр иесі. Байқасаңыздар, жоғары нотаны алғанда тембрлік бояуы алуан түрлі болып шығады. Бүкіл сахнаны әнімен жаңғыртып жібереді”, – деп бағасын берді қатал төреші Элхан Ахмедов.

Сол сияқты Мақпал Исабекова да Айридің өнеріне таңдай қағып, айтарға сөз таба алмай отырғанын, тіпті жылағысы келгенін жасырмады.

Айта кетейік, дәл осы іріктеу күні жобаға белгілі хитмен Нұрболат Абдуллин де қатысты. Ол Димаш Құдайбергеннің репертуарындағы әнді орындап, көрермендердің таңдауымен келесі кезеңге өтті.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау