Сайрагүл Сауытбай Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрап хат жазды

Босқын мәртебесін ала алмай жүрген Сайрагүл Сауытбай мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрап хат жазды. Ол бұған дейін «пана іздеуші» куәлігінің мерзімін бірнеше мәрте ұзартқан еді. Алайда босқын мәртебесін иелену қиынғы соғып тұрған көрінеді.

Сайрагүл Сауытбай

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Отбасы үшін шекарадан заңсыз өткен Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбай бұған дейін өзіне көмектесіп келген қорғаушы Абзал Құспаннан бас тартқан еді. Ендігі оған қорғаушы қызметін Айман Омарова көрсетеді.

Екі баланың анасы 2018 жылдың мамыр айынан бері сот пен тергеуден бір сәтке босамады. Алайда Астана қаласынан да оң шешім ала алмаған пана іздеуші енді елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан ғана көмек күтетінін өз хатында жазыпты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр