Сайрагүл Сауытбай Қазақстан үкіметінен көмек сұрады

Қытайды заңсыз кесіп өткені үшін істі болған Сайрагүл үкіметтен көмек сұрады.

Айта кетейік, Сайрагүл бұған дейін сотта соңғы сөзін айтып, көмек сұраған еді. Екі баласы Қазақстанда анасыз тірі жетімнің күйін кешіп, әркімге жаутаңдаумен жүргенін, өзінің Қытайда құпия органына жұмыс істегенін айтты. Сайрагүл Сауытбай сот залынан босатылды.

Журналист Сәуле Әбединова Сайрагүлмен бірге желіде тікелей эфирге шықты.

“Қазір менде пана іздеуші куәлігі ғана бар. Оған ризамын, бірақ жоғары лауазымды тұлғалардан босқын куәлігін алуыма көмек сұраймын. Одан кейін Қазақстан азаматтығын алғым келеді. Одан бөлек менің амандығым маңызды мәселе болып тұр. Жолдасым мен екі баламның қауіпсіздігіне де алаңдап отырмын”, – деді Сайрагүл Сауытбекқызы.

Қазір азаматтық алу үшін алдымен босқын мәртебесін алу керек болып тұр. Бұл мәселе 3 ай бойы қаралып, одан кейін ғана азаматтық алу мәселелсі қаралады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар