Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саясаттанушы: Елбасының латынға көшу туралы мәлімдемесі – Ресей мен Батысқа ескерту

Қазақстандық саясаттанушы Сұлтанғали Сұлтанбеков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру туралы мәлімдемесін, ең алдымен Ресей және АҚШ тарапына сыртқы саяси ескерту ретінде бағалап отыр.

1688916

Фото: ҚР президентінің ресми сайты

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

2025 жылға дейін қазақ әліпбиін латын жазбаға көшіру туралы тапсырмасын Назарбаев сәрсенбіде “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған мақалада қайта көтерді. “2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз. Бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек”, — деп жазады Назарбаев мақалада. Бұдан бұрын бұл идеяны мемлекет басшысы 2012 жылы “Қазақстан-2050” Стратегиясында жария еткен болатын.

“Әліпбидің өзгеруі біздің көпвекторлы саясатымыздың динамикасы мен сипатына әсерін тигізбейді. Елдерді әліпби емес, ортақ мүдделер жақындастырады. Бірақ президент мақаласының Мәскеу мен Батысқа ескерту екенін де жоққа шығаруға болмайды. Ресей үшін — бұл ортақ экономикалық мүдделерге қатысты мәселелерде жұмсақтау болуына тұспал. Ал Батыс үшін — Ресей мен АҚШ қарым-қатынастарының нашарлауы аясында дербес ұстаным мен ниеттестікті көрсету”, — деді Сұлтанбеков.

Саясаттанушың пікірінше, Назарбаевтың мақаласы “әдетте асықпайтын шенеуніктер үшін тепкі” болуы мүмкін.

“Латын әліпбиіне көшудің шарасыз нәтижесі орыс тілді халықтың жол жүру алдындағы көңіл күйінің күшеюі мен осы жылдың өзінен-ақ, елден қоныс аударудың өсімі болады. Орыс тілді халықтан ақиқатында жаһандық тілдік реформаға қатысты қандайда бір белсенді қарсылықтар күтетін жөн жоқ. Оларға көшіп кету оңайырақ, шамасы солай істейді. Ал қалғандар ескі проблемалар мен жаңа латынданумен қалады”, — деп санайды Сұлтанбеков.

Оның бағалауынша, қазақ әліпбиін латындандырудың бастапқы кезеңде “барша дерлік сауатсыз болып шығады”.

“Бала бақшадан зейнеткерлерге дейін, қазақ тілін меңгеру деңгейіне қарамастан бүкіл ел партаға отырады. Бірақ мұнда мемлекеттік тілді жақсы білмейтін немесе мүлдем білмейтіндер үшін белгілі бір ынталандыру фактор бар”, — дейді саясаттанушы.

“Латын әліпбиін енгізу қоғам өмірінің қандайда бір салаларында оң өзгерістер әкелетініне күмәнім бар. Латын әрпімен жазатын шенеунік, қазір кириллицада жазатын шенеуніктен кем ұрлайтын болмайды. Сондықтан латындандыруды жеделдету мәселесі ең алдымен сыртқы саяси бағытқа ие”, — деп пайымдады Сұлтанбеков.

Бұдан бұрын қазақ әліпбиін латындандыруға қатысты пікір білдірген Қазақстан парламеті мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев журналистерге мұның ұлттық мүдделерге қатысты екенін мәлімдеген. Неліктен латындандыруға көшу осы кезде ғана өзектілендірілді деген сұраққа депутат, бұрын мемлекеттің экономикамен байланысты маңыздырақ мәселелерге көңіл бөлгенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Instagram желісінде «Елбасының бір күні» көрсетілді (видео)

Депутат: Тест сұрақтарында шоу-бизнес өкілі емес, халық қаһармандарының есімі тұруы керек

Сағынтаев Сапарбаевты клондауды ұсынды

Депутат: Қазақстан азаматтығын сұраушылар тарих пен қазақ тілден емтихан тапсыруы тиіс

Талқылау