Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майдан туралы әңгімелердің біздің елде қайталануы кездейсоқ емес

Қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев біздің елдегі майдан туралы әңгімелердің қайталануы кездейсоқ жағдай емес деп санайды.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев майдан туралы әңгімелердің біздің елде қайталануы кездейсоқ емес деп санайды

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Ресей билігі Қазақстан Батысқа тым ашылып кетті, ал мұндай достық көрші елге пайдалы емес деп санайды. Сондықтан ресейлік саясаткерлер басқалардың қателіктерін қайталамасын деп, Украинада болған  оқиғаларға мысал келтірді.

Ал отандық саясаттанушы Досым Сәтпаев кешегі өткізілген эфир бізді «саяси тұрғыда» қолда ұстаудың тағы бір әрекеті деп есептейді.

«Шындығында, Қазақстан Ресейдің ту сыртынан пышақ ұрады, «Ресей әлемінен» шығып сатқындық жасайды деген әңгімелер үнемі айтылып, дүрліктіріп жүр. Сондықтан олар майданның неге әкелгенін көріңіздер деп, Қазақстанды ескерпекші. Осы туралы әңгімелер жиі айтылатын болса, адамдар оған жиі сенетін болады. Оның ішінде ресейліктер де бар. Егер мұндай жағдай орын алса бізді жан-жақтан қыспаққа ала бастайды. Ал Ресей бұлтарыс жасатпай үшін біздің дипломатиялық жолымызды  жауып тастайды»,-дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Тағы оқыңыз:

Тапа-тал түсте жасалған ұрлық: Астанада ешкімнен қымсынбаған жігіт бейтаныс әйелді тонап кетті

Алматыда бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісін қандай жаза күтіп тұр

Сағадиев мұғалімдерге уәде етілген үстемақының не себепті кешіктіріліп жатқанын түсіндірді

Соғыс кезінде іс-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық батырдың сүйек қалдықтары Ресейден табылды

Талқылау