Саусағыңыздың пішіні болмысыңыз жөнінде көп нәрсе айта алады

Дүйсенбі, 21 Қараша , 2016 12:50

Хиромантия — алақандағы сызық бойынша адамның тағдыры мен тұлғалық ерекшелігі жөнінде мәлімет беретін ғылым. Бүгінде ұл ғылым саласы үлкен танымалдыққа ие. Десе де оның «туысы» іспеттес хирогномия саласын көпшілік біле бермейді. Ол қолдың пішіні, үлкендігі, саусақтардың құрылысы мен пішіні бойынша адам мінезін анықтайды. Ғылымның бұл саласы тұқымқуалаушылықтың адам мінезіне әсерімен тікелей байланысты.

Ендігі кезекте өзіңізді жақынырақ тануға мүмкіндік беретін кезекті қарапайым тест ұсынбақпыз.

Суретке қарап, өзіңіздікіне сәйкес саусақ пішінін таңдаңыз.

test-po-paltsu_a6937c17932007622410e46bf12a93481

А. Тік саусақ

Слайд1

Сіз жұмбаққа толы жансыз. Жоспарларыңыз бен арман-мақсаттарыңыз жайлы жолыңызда кезіккеннің бәріне айта бермейсіз. Мұндай ақпаратты тек жақындарыңызбен ғана бөлісіп, сене аласыз.

Сіздің жүрегіңіз кең, мұхиттай терең. Керек болса, өзіңізді құрбан етуге де даярсыз.

Әдетте, мұндай пішінді саусақ иелері тік мінезді, адал, шыншыл және мейірімді келеді. Сонымен қатар олар әзіл-қалжыңға шебер, күле де, күлдіре де біледі.

В. Сәл қисайған саусақ

Слайд2

Сіз кез-келген дүниеге бар болмысыңызбен берілетін жансыз. Ол махаббатқа да, достыққа да, қызметіңізге де қатысты. Егер бір адамға ғашық болсаңыз, оны құлай сүйіп, жүрегіңізбен берілесіз.

Ол кәсіби қызметіңізде де көрініс табады. Бастаған істі соңына жеткізбейінше, келеңсіз жағдайлардың түйінін шешпейінше тыныш таппайсыз.

Мұндай саусақ иелері – сезімтал, көңілшек және шығармашыл жандар. Сізге бөтен адамдармен тіл табысу қиынға соғады. Бірақ жақын адамдарға бүкіл уақытыңызды сарп ете аласыз.

С. Буыны шығыңқы саусақ

Слайд3

Сіз даулы мәселелердің шешімін оңай табасыз. Ал қиындықпен бетпе-бет келгенде есіңіз шығып, әрі-сәрі күйге түсесіз. Десе де ол ұзаққа созыламайды. Өзіңізді жылдам қолға алып, қиындықтарды еңсере білесіз.

Дегенмен күрделі мәселелерді мойныңызға жиі алмайсыз, таныс емес салаларды айналып өткенді жөн көресіз. Өзгенің пікірін құрметтейсіз.

Сіздің жүрегіңіз жұмсақ. Әлдекімді ренжітер алдында жеті рет өлшеп, бір рет кесетін асыл қасиетіңіз бар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
15 күні 5 сағат кері

В дал айтылган

Анонимно
15 күні 18 сағат кері

Иа дурыс айтасыз мен тык саусакты тандадым

Жұмбақ жан
16 күні 13 сағат кері

ура мен с саусакты.дурыс айтылган оте.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар