Сәуле Әбединова өзі көмектескен қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайға не себепті ренжігенін айтты

Тележүргізуші Сәуле Әбединова осы уақытқа дейін қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайға қол ұшып созып, Қытай еліне қайтарылмауына бар күшін салды. Алайда тележүргізушінің бүгінде Сайрагүлге деген өкпесе қара қазандай, деп хабарлайды Stan.kz.

Сәуле Әбединова өзі ауырып жатқанда көңілін сұрауға жарымай тек өзіне көмек керек кезде ғана іздегені үшін Сайрагүл Сауытбайға ренішін білдірді. Одан бөлек қара жамылып, өз басымен қайғы болып жүргенде Сайрагүлдің халыққа аянышты көріну үшін видео түсіріп жариялағанын түсінбей дал. Тележүргізуші Сайрагүл үшін күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей қолдау білдіргенін еске алды. Оның әрекетінен көңілі қалғанын айтты. Айтуынша, көңілін сұрауға жарамаған олар ауруханадан шығатын күні “пәтер табуға көмектес” деп өтініш айтқан.

“Менің көңілімді сұрамады деп ренжіп тұрған жоқпын. Бірақ қазақта “адам көңілі бір атым насыбайдан қалады” деген сөз бар. Ауруханадан шығарымда “пәтер табуға көмек берші” деп өтініш айтты. Әпкемнің ұлы көз жұмып тағы бір қазадан қан жұтып отырғанда Сайрагүл мен Уәли тақиялы сайтанмен бірге видео түсіріп, өзін аянышты көрсетіп көмек сұраған. Ондағы мақсаты қандай екенін түсінбедім. Қатесін түсініп алдыма келсе, басқа жағдай. Олай болмаса, тек сырттай ниеттес болам. Бұрынғыдай ол үшін жүгірмеймін”, – деп жазды тележүргізуші желіде. 

Сәуле Әбілдаханқызы бұдан былай Сайрагүлге тек сырттай тілекші болатынын, оның босқын мәртебесін алуды қалайтынын, бірақ бұрынғыдай құрақ ұша алмайтынын айтты.

Айта кетейік, 4 қазан күні шыққан сот шешіміне сәйкес, Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін беруге, саяси баспана беруге бас тартылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар