Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәуірден бастап кез келген кәсіпті ашуға несие беретін жаңа бағдарлама жарияланады

Сәуір айынан іс бастап, оны дамытамын деушілерге арнайы бағдарлама жарияланады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

kredit-yur-licam

Бұл туралы 24 хабар арнасы хабарлайды.

Жаңа бағдарламамен кез келген кәсіпті ашуға несие беріледі. Ал қаражаттың 50-85 пайызына мемлекет кепіл болады. Биыл қалаларда жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 10 млрд теңге, ауыл мен шағын қалаға 27 млрд теңге бөледі. Кәсіпкерлерге құлаққағыс. Бұрыннан бизнеспен айналысатындарға 50 пайыздық кепілдік қарастырылған. Атап өтетіні, олардан кепілдікке ақша алынбайды. Яғни кәсіпкерлер үшін бұл қызмет түрі тегін болады.

“Бұл бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асады. Біріншісі –несиелендіру. Оның аясында бизнесін енді бастап жатқандар кез келген кәсіптің түріне займ алады. Несиенің шекті көлемі –18 млн теңге. Ал мөлшері 6 пайыз болады. Үміткерлердің кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы серфикаттары болуы керек. Болмаған жағдайда «Бизнес бастау» жобасына қатыса алады”, – дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Жіберіп алмаңыз:

Сарапшылар теңгенің болашағына қатысты болжам жасады

Forbes нұсқасы бойынша бес қазақстандық миллиарлерлер қатарында қалды

2020 жылы ең төменгі зейнетақы 70 мың теңге болмақ

Талқылау