Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауда орталығында “Қазақтың баласымын” деп жар сала ән айтқан жігіт елді таңғалды (видео)

Желіде сауда орталығында айқайлап ән айтқан жігіттің видеосы кең тарап кетті.

Сауда орталығында “Намысын қолдан бермес қазақтың баласымын” деп ән айтқан жігітті көрген адамдар таңдана қарады. Жігіт құлаққап киіп алып алған. Ол ән арасында қол шапалақтап өзін қошеметтеп те қояды. Әрі-бері өткендер жігіттің бұл қылығын түсіне алмады. Сәлден соң орталықтың қызметкері келіп, оның тәртіп сақтауын сұрады. Алайда әнші жігіттің оны тыңдайтын түрі жоқ.

Желі қолданушылары оқиғаның Алматыдағы “Мега” сауда үйінде болғанын жазуда. Олардың бірі жігіт ішімдік ішкен деп болжаса, енді бірі нағыз патриот деп қошемет білдірді.

Талант бар, таныс жоқ))

Публикация от 🇰🇿© ZTB.KZ 2017 (@ztb_video)

Тағы да оқыңыз:

Алматыда Фурманов көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді

Бауырды тазартудың қарапайым әдістері

Жаңа жылдан бастап қазақ жері жаппай 49 жылға дейін жалға берілуі мүмкін

Талқылау