Сауд Арабиясының патшасы өзін құдайға теңеп мақтаған журналисті жұмысынан қуды
Сауд Арабиясында ел патшасы Салман Саудты Аллаға теңеген журналисті уақытша қызметінен қуды.
"Аль-Джазира" газетінің журналисі патшаға “аль-халим”, “шадид аль-икаб” сөзін айтып мақтаған. "Аль-халим" эпитеті исламда Алланың 99 есімінің бірі саналады. “Шадид аль-икаб” сөзі бұл тізімге жатпаса да, құдайға теңеу мағынасын береді. Екі сөзді де адамдарға қарата айтуға болмайды.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ел патшасының өзі бұған наразылығын білдіріп, журналисті жұмысынан шығаруға бұйрық берген.
Жексенбі күні "Аль-Джазира" газеті осы мәселеге қатысты кешірім сұрап мақала жазды.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"