Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясының королі Назарбаевқа тосын сый жасады

Елімізде 7 мемлекеттің елшісі ауысты. Бүгін Арқа төсіне қоныс аударған дипломаттардан президент Нұрсұлтан Назарбаев сенім грамотасын қабылдады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

ac8ee0092209072a6c90f24858ce7acb

Фото: Экспресс К

Салтанатты шара кезінде Сауд Арабиясының елшісі Назарбаевқа корольдің беріп жіберген сыйлығын тарту етті. Ол жібек матадан жасалған Қағбаның жамылғышы.

Бұдан бөлек, Елбасы ұлттық киімдерін киген Марокко, Оңтүстік-Африка, Біріккен Араб Әмірлігі, Малайзия, Грузия, Моңғолия елшілерінен сенім грамотасын алды. Енді дипломаттар мемлекеттер арасындағы байланысқа тың серпін беруі тиіс.

“Астанадағы қызметтеріңіз елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтады деп үміттенемін. Қазақстандағы қызметтеріңіздің ресми басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Біздің елде өткізілетін күндеріңіз, өздеріңізге де, отбасыларыңызға да жайлы болсын”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оқи отырыңыз:

Instagram желісінде «Елбасының бір күні» көрсетілді (видео)

Депутат: Тест сұрақтарында шоу-бизнес өкілі емес, халық қаһармандарының есімі тұруы керек

Сағынтаев Сапарбаевты клондауды ұсынды

Депутат: Қазақстан азаматтығын сұраушылар тарих пен қазақ тілден емтихан тапсыруы тиіс

Талқылау