Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясында хиджабсыз суретке түскен әйелді өлім жазасына кесуге шақыруда

Сауд Арабиясында хиджабсыз суретке түскен әйелдер әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызған. Тіпті бірқатары ол әйелдерді қорқыта бастаған.

827ece2e8fe571fe8affd2e3256b0c1b__1440x

“Оларды өлтіріп, денелерін итке тастау керек”, деп жазады көңілі толмаған қолданушының бірі.

Атышулы суретті “Твиттер” шағын блогында Малак әл-Шехри есімді пайдаланушы жариялаған. Қыз таңғы асқа хиджаб және ұзын араб көйлегі абайи кимей бара жатқанын айтқан. Бірақ сурет көп өтпей өшіріліп қалған.

“Бұл суреттерді көп адам бөліскендіктен, ол эктсремистердің де қолына жеткен. Енді олар әйелдің тарапына қарай түрлі қауіп тудыруда. Ол суретті өшіріп тастады. Кейін тіпті парақшасын жойып жіберді”, – дейді тұрғындардың бірі.

Енді желіде әл-Шехриді жазалауға шақырған хештег пайда болған. Алайда осыншама қарсылыққа қарамастан көптеген тұрғындар қызды қорғап та жатыр.

Оқи отырыңыз:

Барак Обаманың алдағы уақытта немен айналысатыны белгілі болды

2017 жылдан бастап Nokia қайта сатылымға шығады

Жалған өнімнен сақтаныңыз: Телефон арқылы өнімнің сапасын тексеруге болады

Морган Фриман: Азан – әлемдегі ең әдемі дауыс (видео)

Талқылау