Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясы королінің отбасы туралы жұрт білмейтін 15 дерек (фото)

Сауд Арабиясы королдігі – Таяу Шығыстағы ең үлкен ел. Және елде аса ірі көлемде мұнай қоры бар. Дегенмен қарапайым халық мұнайдан түскен ақшаның рахатын сезініп жатыр деуге келмейді. Себебі қара алтыннан түсен қаражаттың барлығы король отбасының қалтасына түседі. Ал отбасында шамамен 25 000 адам бар.

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдул Әзиз Әл өте бай адам. Жақында 9 күнге Индонезияға сапар шеккен ол өзімен бірге 459 тонна жүк алған. Осыншама жүктің қандай қажеттілігі барын түсіну де қиын. Жүктердің ішінде оның Mercedes-Benz лимузині мен екі электр лифті де болған.

Сонау 1975 жылдары елді Фейсал ибн Абдул Әзиз Әл Сауд билеп, оның тұсында мұнай қоры артып, жұрт байлыққа кенеледі. Ол елдің дамуына күш салып, мемлекет мұсылман әлемінің көшбасшысына айналады. Бірақ 1975 жылы 25 наурызда елге АҚШ-тан білім алып оралған оның туыс інісі Фейсал ибн Мусаид атып тастайды. Ол королді құшақтамақ болған сыңай танытып, үш рет оқ атқан. Оны королді өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, басын алады.

Елде алкоголь тұтынуға тыйым салынған және бұл жағдай заңмен бақыланады. Ал бірақ сіз король отбасының мүшесі болсаңыз, сізге алкогольді аямай тұтына беруге мүмкіндік бар. Саудиялық ханзадалардың көңілді кештерінде қызмет еткендердің айтуынша ол жерде арақ та, есірткі де болады екен.

Бірде ханзада Абдул Әзиз ибн Фахд король отбасы туралы бүкіл шындықты жайып салмақ болған өзінің немере інісі Сұлтан ибн Түркиді ұрлап кетеді. 2004 жылы Женеваға барған сапарында Сұлтан ибн Түрки королдік туралы құпияларды ашуға әрекеттенеді. Келесі күні шұғыл түрде елге қайтару туралы бұйрық түседі. Кейін Сұлтан ибн Түрки отбасы туралы ешқандай шағым білдіріп, тіс жарған жоқ.

1977 жылы сол кездегі король Халидтің жиен қарындасы 19 жастағы саудиялық ханшайым Мишааль бинт Фахд әл Сауд зинақорлық бойынша айыпталады. Қыз бен оның сүйіктісінің басын бір уақытта шабады. Өлім жазасын ханшайымның туған атасы бақылаған.

2004 жылы ханзада Найеф инб Фоваз Әл Шэлаан Колумбиядан Европаға 2 тонна кокаин тасымалдамақ болады. Ол ақшаныи өзі басқаратын Kanz Bank арқылы алмақшы болған. Жоспар тамаша болғанымен, оны француз полициясы ұстап алады. Осы кезде іске Саудия жағы араласып, оны босатуды талап етеді. Егер бағынбаса Франциямен жасалатын бірнеше қаржылық келісімдердің күшін жоямыз деп қорқытқан. Содан бері Найефтің сыбайластары түрмеде отыр, ал ханзаданың өзі бостандықта.

Ханзада Сауд ибн Абдул Әзиз инб Насыр әл Сауд 2010 жылы Лондон отелдерінің бірінде өзінің гей-көңілдесін өлтірген. Ал сот кезінде өзінің гей емес екенін дәлелдеуге тырысып бағыпты. Гомосексуализм бұл елде ең ауыр қылмыс, сәйкесінше оған тек өлім жазасы беріледі.

Полиция мәліметінше ханзада өзінің көңілдесіне шабуыл жасамас бұрын шарапқа тойып алған. Бұл 14 ақпан күні болыпты. Оқиға Ұлыбританияда болғандықтан соттан қашып құтыла алмаған. Ханзаданы өмір бойына бас бостандығынан айырғанымен, кейін бес британиялыққа алмастырып еліне қайтарды. Оның бостандықта жүргеніне еш күмән жоқ.

Сауд Арабиясының тұрғындары өз елінің қандай заңына да бағынуы тиіс. Тек батыстан үлгі алып, соларға еліктемесе болғаны. 2013 жылы 21 жастағы Абдулрахман Әл-Хайял YouTube желісінен адамның көшеге шығып, өзгелермен құшақтаспақшы болған видеосын көреді. Мұны керемет видео деп санаған ол, аталмыш жағдайды өз көшесінде де қайталамақшы болыпты. Сөйтіп ол көшеге шығып адамдарды құшақтай бастайды. Бұдан соң оны дереу тұтқынға алады.

Елде көптеген шетелдік мейрамдарды, оның ішінде Хеллоуинді де тойлауға болмайды. Бірақ, ханзада Фейсал Әл Тунаян өз резиденциясында Хеллоуин кешін ұйымдастырған. Кешке 150-ге жуық ерлер мен әйелдер жиналған. Бір қызығы ерлер мұнда өз еріктерімен келсе, әйелдерді сату үшін жинапты.

WikiLeaks әлемдегі ықпалды адамдардың, оның ішінде Сауд Арабиясы бай-манаптарының да құпияларын ашты. Бұған шыдамаған мемлекет басшылары WikiLeaks-ты өз елдеріне бұғаттайды. Тіпті оның атауын атауға да тыйым салынған. Мемлекетте сөз бостандығы жоқтың қасы. Король отбасындағылардың өзі бірдеңе жасардың алдында король Салманнан рұқсат алуы тиіс.

Ақшалары бола тұра король отбасы көп ретте көрсетілген қызмет үшін ақша төлемейді. Бұдан мезі болған көптеген ірі компаниялар олармен қызметтес болудан бас тартқан. Мәселен, Маха әл Ибрагим ханшайым Женевада жалға алынған лимузин үшін ақы төлемей қояды. “Арнайы себептерге байланысты біз бұл отбасымен жұмыс істемейміз” деп жылы бас тартыпты компания. Мұндай себептер жетіп артылады.

Король отбасындағылар өздері қалаған жұмысқа тұрып, өздері қалаған лауазымды атқара алады. Олардың білімдері мен тәжірибелері ешқандай мәнге ие емес.

Аттарын пайдаланатын ханзадалар банктен ақша алып, оны қайтармай қоятын көрінеді. Сондай-ақ, король отбасы жер телімдерін тәркілеп алуға да құмар.

Елде ешқандай партия немесе парламент жоқ. Мемлекет тек Салман отбасына ғана тиесілі. Сауд Арабиясы бүкіл әлемдегі мұнайдың қайнар көзі болып, сол арқылы жаһанға билік жүргізіп отырғандықтан өзге елдер оған бірдеңе дей де алмайды. Мемлекет азаматтарының құқын қорғау, сайлау еркіндігі тұрғысынан бұл ел Солтүстік Кореяға қатты ұқсайды.

Оқи отырыңыз:

АҚШ ресейлік хакерлердің дауыс беру жүйесін бұзып кіргенін дәлелдеп берді

iPhone Лас-Вегастағы атыс кезінде әйелді өлімнен қорғап қалды (фото)

Жалаңаштанып фотоға түскен толық қызды бастығы жұмыстан қуды (фото)

Елден ерекше жан: Бойжеткен 3 жыл бойы жұмысқа бір киіммен барған (фото)

Талқылау