Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясында алғаш рет әйелдер автосалоны ашылды (фото)

Сауд Арабиясының Джидда қаласында әйелдерге арналғын алғашқы автосалон ашылды. Елде күзден бастап әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат берілген еді. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Әйелдер Le Mall сауда үйіндегі әр түрлі шарлармен безендірілген залдағы көліктер көрмесін тамашалап, олармен суретке түсті.

“Мен негізі көлікке қызығамын. Бірақ, бұрын біздің көлік айдауға құқығымыз болмады. Қазір өзіме ұнайтын, бағасы қатты қымбат емес көлік сатып алғым келеді”, -дейді Гада аль-Али есімді көрмеге келуші.

Әйелдерге арналған автосалонға келушілерге тек әйелдер қызмет көрсетеді.  Бұл сауда орталығын басқарушы да, кассир де, мейрамхана қызметкерлері де әйел адамдар. 2017 жылдың қыркүйегінде Сауд Арабиясының корольі әйелдерге ер адамдармен қатар көлік жүргізуге рұқсат беру туралы заңға қол қойды. Бұған дейін бұл ел әлем бойынша көлік айдауға тыйым салынған жалғыз ел болатын.

Тағы оқыңыз:

Дәрігер: Трамп салауатты өмір салтын ұстанса, 200 жасқа дейін өмір сүреді

Ғалымдар мектеп бағдарламасынан «Қазақстан географиясы» пәнін таппай қалды

Балаларға мешіт, шіркеуге және діни шараларға ата-анасыз баруына тыйым салынуы мүмкін

Алматылық әйелді ипотекаға алған үйінен қуғалы жатыр

Талқылау