Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
«Сатқын, опасыз, көзге шөп салады»: Тележүргізуші танымал әртістің екіжүзділігі туралы жайып салды
Белгілі тележүргізуші Әнел Әлиасқар отандық жұлдыздардың арасындағы екіжүзділер туралы сөз қозғады. Ол өздерін халық алдында мінсіз етіп көрсеткісі келетін танымалдардың шын өмірдегі келбеті мүлде басқа екенін жайып салды, деп жазады Stan.kz.
Өз сөзінде Әнел отандық әртістердің бірінің екіжүзділігі туралы айтты. Тележүргізуші оның атын атап, түсін түстемесе де, аузынан Алласын тастамайтын, ел алдында қадірлі адам екенін атап өтті.
«Бір әртіс бар, өте танымал. Сіз оны танисыз. Сырт көзбен қарағанда, ол отбасының берекесі асып тасып жатқан сияқты. Өзі – бәріне үлгі, Аллаһты аузынан тастамайды. Құрметтеуге келеді… Әңгімелерін тыңдасаң. Камера қосылса бір адам… өшсе, басқа…», – деп бастады сөзін тележүргізуші Instagram-да.
Мұнан әрі әртістің отбасылық өміріне тоқталған журналист оның жұбайының сұрықсыз әрі аянышты өмірі туралы жасырмады.
«Оның әйелі бар. Сұлу. Нәзік. Бірақ ол құрбысының үйіне қонаққа барады. Шай ішіп, әңгіме айту үшін емес. Жеңілдеу үшін. Жер үйдің екінші қабатындағы түпкі бөлмесіне барып, шыңғырып жылайды, айқайлап, даусы біткенше өксіп жылайды… Оны есту мүмкін емес, жаның түршігеді. Ешкімнің басына бермесін.
Жан айқайының себебі неде деп ойлайсыздар? Күйеуінің екіжүзділігінде. Халық алдында «Ел ағасы» болса, шынайы өмірде сатқын, опасыз, көзге шөп салады», – дейді Әлиасқар.