Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сатаевтың “Анаға апарар жол” картинасы “Орталық Азияның үздік фильмі” атанды

Ақан Сатаев режиссерлік еткен “Анаға апарар жол” кинокартинасы Қырғызстанда өткен “Ақ илбирс” ұлттық киножүлдесінің лауреаты атанды.

20160928002653-620x330

Бұл туралы режиссер Ақан Сатаев жария етті, деп хабарлайды Stan.kz.

Аталған кинофестивальде “Анаға апарар жол” туындысы “Орталық Азияның үздік фильмі” аталымы бойынша бас жүлдеге ие болды.

сатаев анага апарар жулде

Еске сала кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде жарық көрген фильмнің жарыққа шығуына Әлия Назарбаева ұйытқы болған. Фильм бұған дейін де Қырымның Ялта қаласында өткен «Еуразия көпірі» халықаралық кинофестивалінің гран-при иегері атанған еді. Одан бөлек, фильмде бас кейіпкерлердің бірін сомдаған Алтынай Нөгербек «Үздік әйел бейнесі» аталымын жеңіп алған-ды.

Жіберіп алмаңыз:

Оразымбетова әпкесі Жүнісовадан кешірім сұрау үшін арнайы Алматыға келді

Жұрт Пасха мерекесін тойлаған Баян Есентаеваны сынап тастады (фото)

Есін жиған Ернар Айдар тілеуін тілеген жандарға алғыс айтты

Айман Мұсақожаева Димашпен бірге Қытай сахнасында өнер көрсетеді

Дәрігерлер Мырзахан Махановқа бір ай бойы сөйлеуге тыйым салған

 

Талқылау