Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сары әулие ең жас әйелі дүниеге әкелген жиырма үшінші перзентін көрсетті (фото)

Жұрт Сары әулие атап кеткен Марат қажы жасына толмаған жиырма үшінші перзентін көрсетті. Марат қажыға 18 жасында тұрмысқа шыққан жас әйелі бір жыл алғаш рет ана атанып, өмірге қыз баланы аман-есен алып келген еді,-деп жазды Stan.kz.

Марат қажының кенжесінің есімі – Сұлтан. Сары әулиенің сөзінше бүлдіршін өте ақылды, себебі балақай қазірден айтқан дүниені қағып алып қайталап тұрады.

“Сұлтана тек отбасымыздың емес Қазақстан бойынша үлкен әулет мүшелерінің барлығы жақсы көретін тәтті қыз. Өзі сондай тәтті”,-дейді Марат қажының өзі.

Көпшілік Сары әулиені жас қызға үйленді, Гүлиярдың ата-анасы өзінен де (Марат қажы) кішкентай деп талай мәрте сынаған еді. Мұндай сындарға емшінің өзі былай жауап берген еді.

“Біздің махаббатымыз өте күшті. Тіпті жастарға үлгі болуға тұрарлық деп айта аламын. Мен Гүлиярды кездестіріп, үйленгеннен кейін өзімнің нағыз бақытты күндерім басталды деп айта аламын.

Қазіргі күні жұмақта осы кенже жарым Гүлияр мен алғашқы әйелім Қанағат қасымда болса екен деп тілеймін. Осы тілегім орындалса осы өмірдегі қолымда бар заттың барлығын құрбан етуге әзірмін” ,-дейді Марат қажы. Ал көпшілік Марат қажының кенжесін өзіне ұқсатып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Зарина Омарова: Әкем бізді тастап, басқа әйел алғанда қатты ренжідім

Еспанов Абай Бегейдің 500 қонағын тыңдата алмай ұятқа қалды

Өзіміз кінәліміз: Айдана Меденова инста-оқырмандарымен айқасқан әріптестерін сынға алды

Келінімнің ішін қатты басып, жатырын алып тастаған: Немересінен айырылған Қызылорда тұрғыны дәрігерлердің кінәсін айтып берді

Талқылау