Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 әйел алған Сары әулие: Осындай жұбайларымның болғанына бақыттымын

Әйгілі Сары әулие 10-ға жуық әйелі болғанын мойындады. Бүгінде олардың үшеуі жанында екен. Сондай-ақ, Марат қажы Есенбаевтың 23 перзенті бар, бүгінде олардың екеуімен араласпайды.

Сары Әулие

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасының “Мақпал мекен” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сары әулие әйелдерінің үшеуімен заңды некеде болған. Қазіргі уақытта Закира, Ақмарал, Жеңісгүл есімді үш жұбайы жанында, олармен некеде бақытты екенін айтады. Ал қалғандарын өз еркімен босатқан.

“Ілгерідегі де, қазіргі де әйелдерім жақсы. Тек қана әртүрлі жағдайларға байланысты мен оларға рұқсатымды беріп, үлкен жолға аттандырдым”, – дейді Сары әулие.

Шымкентте тұратын Ақмарал есімді келіншегі 4 баласының анасы. Ол кісі Қанағат деген бәйбішесінің үйін жинауға келіп, ақырында Сары әулиенің тоқалы болып қалып қалған.

“Бұл кісілер жақсы әйел, жақсы жар. Осындай өмірлік серіктерімнің болғанына бақыттымын. Ал бұрынғылары олар да тәрбие мектебінен өткен”, – дейді Сары Әулие.

Былтырғы жылы желіде Сары әулиенің жас қызбен бірге Dubsmash түсірген видеосы тарап кетті. Көпшілік бейнежазбадағы аруды Сары әулиенің кезекті тоқалы деп ойлады. Алайда шын мәнінде олай емес.

“Бұл кісі менің өмірлік серігім емес. 24 жастағы келіншек, ұлты ұйғыр. Ол сынақтан өте алмай, мен оны Талдықорғанға аттандырдым. Менің жарым болуға жарамады”, – дейді Сары әулие.

Бұл орайда Марат қажы қандай қыздардың өзіне жар бола алатынын айтты.

“Некенің адалдығын бұзбайтын, өте сабырлы, жалқау болмау керек. Таңның атысы, күннің батысы тек ұялы телефон шұқылайтын болса, ол менің өмірлік серігіме жарамайды”, – дейді ол.

Бұдан өзге, Сары әулие 21 перзентінің тура жолда екенін, оларды мақтан тұтатынын, ал Бақытгүл және Анаргүл есімді қос қызымен араласпайтынын жайып салды. Естеріңізде болса, бұған дейін әулие қызының жезөкшелікпен айналысқанын айтқан еді.

“Мен қызым Бақытгүл үшін, Ажаргүл үшін Алладан кешірім сұраймын. Олар тозаққа түсіп кетпесе екен деп Аллаһқа жалынамын. Аллаһтың мейірімінде болыңыздар, мен кешірім сұраймын”, – дейді Марат қажы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау