Сарапшы: Мұнай бағасы 100 долларға қымбаттауы мүмкін

Алдағы уақытта Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мұнайдың 1 баррелінің бағасы 100 долларға (32 мың теңгеден аса) жетуі мүмкін.

Мұнай бағасы 100 долларға қымбаттауы мүмкін

Бұл туралы CNBC телеарнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Менің ойымша, Таяу Шығыста жағдай ушықса, мұнайдың бағасы үш сандық көрсеткішке жетеді», – дейді Akap Energy сараптамалық компаниясының негізін қалаушы Аниш Кападия.

Оның айтуынша, жарты жыл бұрын мұнай бағасының 60-70 долларға (19-22 мың теңгеден аса) көтерілетіні болжанған. Сол уақытта нарық қатысушылары аталған болжамға сенбегенімен, қазіргі уақытта ол шындыққа айналды. Бұл ретте PVM Oil Associates мұнай компаниясының сарапшысы өз ұстанымы аталған болжамға ұқсас екенін айтты.

Кеше ICE лондондық биржасында маусымда жеткізілген Brent маркалы мұнай бағасы 72,45 долларға (23 мың теңгеден аса) бағаланған.

Ал 11 сәуір күнгі сатылымда 2014 жылдың қараша айынан бері алғаш рет мұнайдың бір баррелінің бағасы  73 долларға (23 мың теңгеден аса) жетті.

Оқи отырыңыз:

Теңге қайтадан нығая бастады

Елімізде күтпеген жерден бензин арзандады

Теңгенің құлдырап доллардың қымбаттауына байланысты ұшақ билетінің бағасы көтеріліп кетті

Астана ресейліктер арасында саяхаттап баруға болатын ең танымал үш қаланың тізіміне енді

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар