Сарапшы смартфонның қуатын неліктен 100 пайызға жеткізуге болмайтынын түсіндірді
Смартфонның қуатын 100 пайызға дейін жеткізу аккумуляторы үшін зиян. Бұл туралы техника Mail.ru Hi-Tech порталының басқарушысы Дмитрий Рябинин айтып берді.

Рябининнің сөзінше, адамдардың көбі смартфонның қуаты 100 пайызға жеткенде құрылғыны бірден тоқтан ажырата бермейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап.
«Тоққа қосылып тұрған смартфон қуаттың 100 пайыз болуын қамтамасыз ету үшін қуатталуын жалғастыра береді. Демек кернеудің әсерінен батарея қызи түседі», - дейді ол.
Сарапшының сөзінше, гаджеттің қуаты 90 пайызға жеткенде, оны тоқтан ажыратқан жөн.
Сонымен қатар ол смарфтонды қуаты таусылғанша пайдаланудың да зиян екенін айтты. Себебі оны өшіп тұрған күйде тоққа қосу аккумуляторын құртады, дейді.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”