Сапарбаев өңір журналистеріне өзі туралы жаза бермеуді тапсырды
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік БАҚ басшыларымен кездесу кезінде өңірде әкімнен басқа да жазуға тұрарлық мәселелердің көбін айтты. Облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» басылымдары мен «Қазақстан Ақтөбе» арнасының басшыларына шалғай ауылдарға шығып, ондағы тіршілік пен елдің мәселесін көтеруге болатынын мысал етті. Бұл туралы аталмыш жиында болып қайтқан stan.kz сайтының тілшісі хабарлайды.

« Сіздердің орындарыңыз басқа. Сондықтан ауыл тұрғындары, ол жақтағы еңбек адамдары туралы кеңінен насихатталу керек»,-деді Сапарбаев.
Әкім облыстық басылымның соңғы саны алты бет болып шыққанын, оның төрт беті жарнама мен ресми құжаттар екенін, қалған екі беті әкім мен оның орынбасарына арналғанын айтып берді.
«Сіздерде басқа материалдар мен мәселе жоқпа не?»,-деп сұрақ қойды Бердібек Сапарбаев жиналған редакторларға.
Мысалдары мен дәлелдерін келтіре айтқан әкім өңірлік БАҚ басшыларына облыстық телеарнаның материалдық-техникалық базасының жақсы екенін еске салды. Сол үшін де алдағы уақытта ескі бағдарламаларды қайталауды қойып, жаңа бағдарламалар мен өзгерістер жасауды ұсынды.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді